Өлеңдер Бөлімі

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (26) Өлеңдер (14) Жоспарлар (20) Мақал-мәтелдер (173) Ұлағатты сөздер (32) Әзіл, анекдоттар (1)

Су аяғы — құрдым.

Ілмектер: су

Арық бар жерде су бар.
Су бар жерде ну бар
Тау бұлағымен сүйкімді,
Бұлақ құрағымен сүйкімді.

Ілмектер: су

Ақпаса, су бұзылады.

Ілмектер: су

Су ағады, тас қалады,
Кәрі кетеді, жас қалады.

Ілмектер: су, кәрі, жас, кәрілік

Сұмырай келсе — су қат.
Ашаршылық келсе — ағайын жат.

Ілмектер: су, ағайын, жат, ашаршылық

Қанша қамыс жақсаң да шоғы болмас,
Қанша қара су ішсең де тоғы болмас.

Ілмектер: ас, су

Қылышты қынап сақтайды,
Суды мұрап сақтайды.

Ілмектер: су

Ерінбеген, елекпен су ішеді.

Ілмектер: су, ерінбеген

Суды шым бөгейді,
Дауды қыз бөгейді.

Ілмектер: қыз, су, дау

Суды ішім тоқтатар,
Сөзді шын тоқтатар.

Ілмектер: су, сөз, шын, тіл

Су сағасы — бұлақ,
Сөз сағасы — құлақ.

Ілмектер: су, сөз, тіл

Ұқпас құлаққа айтқан сөз,
Оқпанға құйған сумен тең.

Ілмектер: сөз, су, тіл

Су да ылдиға ағады,
Кішіпейілділік адамға жағады.

Ілмектер: адам, су

Ел ағасыз болмас,
Су сағасыз болмас.

Ілмектер: су, ел, аға

Білім - елге,
Су - жерге.

Ілмектер: су, білім

Су түбіне жетпейсің
Бойлағанмен,
Ой түбіне жетпейсің
Ойлағанмен.

Ілмектер: ой, су

Ақылы аздың — ашуы көп,
Таяз судың тасуы көп.

Ілмектер: ақыл, ашу, су

Терең құдықтың суы тәтті.

Ілмектер: су, құдық

Қайғысыз — қара суға семіреді.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ, қайғы, су

Қасында қара көп болса,
Нөкер емей немене?
Шөлдегенде ішкен су
Шекер емей немене?
Ат жалынан тапқан мал
Бекер емей немене?

Ілмектер: су, мал

×