Қасында қара көп болса, Нөкер емей немене? Шөлдегенде ішкен су Шекер емей немене? Ат жалынан тапқан мал Бекер емей немене? Ілмектер: су, мал Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Қасында қара көп болса, Нөкер емей немене? Шөлдегенде ішкен су Шекер емей немене? Ат жалынан тапқан мал Бекер емей немене?
Жылқы атасы — Қамбар ата, Сиыр атасы — Зеңгі баба, Түйе атасы — Ойсыл қара, Қой атасы — Шопан ата, Ешкінің иесі — Сексек ата. жан-жануар, төрт түлік мал
Сөз анасы — құлақ Жол анасы — тұяқ. Су анасы — бұлақ. Көз анасы — шырақ. жол, су
Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді. кеме, үнемшілдік
Жаман атқа жал бітсе, Жанына торсық байлатпас. Жаман адамға мал бітсе, Жанына қоңсы қондырмас. жан-жануар, төрт түлік мал
Айдағаның бес ешкі, Ысқырығың жер жарады. жан-жануар, төрт түлік мал
Маң-маң басқан, маң басқан, Шудаларын шаң басқан, Төрт аяғын тең басқан — Түйе деген жануар. жан-жануар, төрт түлік мал
Дария жанынан құдық қазба. дария, су
Орта жүзді қамшы беріп дауға қой, Ұлы жүзді қауға беріп малға қой, Кіші жүзді найза беріп жауға қой. жүз, орта жүз
Хабарлама
INFO
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі