Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (31) Өлеңдер (16) Жоспарлар (22) Мақал-мәтелдер (173) Ұлағатты сөздер (41) Әзіл, анекдоттар (1)

Күнің шуақты болсын,
Көлің суатты болсын,
Қонысың өрісті болсын,
Еккенің жемісті болсын,
Еңбегің келісті болсын.

Ілмектер: су, еңбек, тілек

Жер - қазына,
Су - алтын.

Ілмектер: жер, су

Таспа, тасыған су да қайтар.

Ілмектер: су, ер, ерлік, батырлық

Қысқа шілдеде қу сақта,
Жаз шілдеде су сақта.

Ілмектер: су, нәсіп, кәсіп, еңбек

Күріш арқасымен күрмек су ішеді.

Ілмектер: күріш, су

Сусыз жердің шөбі артық.

Ілмектер: су, шөп, жер

Судың түбін шым бекітер,
Даудың түбін қыз бекітер.

Ілмектер: су, дау, қыз

Дария жанынан құдық қазба.

Ілмектер: дария, су, құдық

Су аққан жерінен айнымас.

Ілмектер: су, жыл мезгілдері, табиғат, табиғат құбылыстары

Су басынан буылады.

Ілмектер: су, жыл мезгілдері, табиғат, табиғат құбылыстары

От арық, су семіз.

Ілмектер: от, су, жыл мезгілдері, табиғат, табиғат құбылыстары

Нұрдың суы - нудың суы.

Ілмектер: су, жақсылық, жыл мезгілдері, табиғат, табиғат құбылыстары

Қайырымсыз болса ханнан без,
Өткелсіз болса судан без,
Асусыз болса таудан без,
Пайдасыз болса байдан без,
Панасыз болса сайдан без.

Ілмектер: қайыр, су, тау, пайда, пана, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Растық (шындық) жауған қардай, сүттен ақ, судан таза.

Ілмектер: шындық, ақ, таза, су, сүт, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Атаным сай, атым сай, қашсам жаудан кетермін,
Кетпенім сай, шотым сай, қазсам суға жетермін.

Ілмектер: су, жау

Жаман сайға су түссе, өткел бермес көшуге,
Жаман кісіге мал бітсе сусын бермес ішуге.

Ілмектер: жақсы, жаман, су, дүние

Судың басы бұлақ болса да, аяғы құлар теңізге,
Жақсыдан жаман туса да, тартпай қоймас негізге.

Ілмектер: су, жақсы, жаман, ұқсастық

Қолға су құя алмаса да, ұялмайды.

Ілмектер: қол, су, парсы мақалы

Өлмеген құл алтын аяқпен су ішер.

Ілмектер: өлім, алтын, су, құл

Су басынан бұзылар.

Ілмектер: су, бұзылу