Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (43) Ұлағатты сөздер (1) Әзіл, анекдоттар (1)

Өткелім саяз деме,
Таяғыңды салып бойлат.
Ісім мақұл деме
Ағайынға салып, ойлат.

Ілмектер: ағайын, туған, туыс

Ақылы елден артылған,
Ақылық болса, бір мақтан.
Жұрттығы жұрттан артылған
Жақының болса, бір мақтан.

Ілмектер: туған, туыс, жақын, мақтан, ағайын

Жақыныңды жат етсең
Жатқа күлкі боласың.

Ілмектер: ағайын, туыс, туған, жат

Ардагер аға алдыңда тұрсын,
Әдепті іні артыңда тұрсын.

Ілмектер: туған, ағайын, туыс

Әркімнің өз қолы — өзіне иілер.

Ілмектер: туған, ағайын, туыс

Тірісінде сыйласқан
Өлгенінде жыласады.

Ілмектер: туған, ағайын, сыйласу, туыс

Таудың басын көр де,
Қасына барма
Туысқанның ықыласын көр де,
Асына барма.

Ілмектер: туыс, ағайын, туған

Әркімнің өз жейдесі етіне жақын.

Ілмектер: туған, туыс, ағайын

Абысын-ажын не керек.
Аңдысып күні өткен соң.
Алмауыт ұстап не керек,
Артынан жабы жеткен соң.

Ілмектер: туған, туыс, ағайын

Түбі бірге тебісер де табысар.

Ілмектер: туыс, ағайын, туған

Соңғы көш, алғашқы көштен
Әудем жер ары қонады.

Ілмектер: көш, туыс, ағайын, туған

Анамды жақсы көргендіктен
Келісін түйдім.
Аулымды жақсы көргендіктен
Желісін сүйдім.

Ілмектер: ана, ауыл, туған, туыс

Қайыптан тапқан алтыннан
Ақсақал берген бата артық
Қайыры жоқ жақыннан
Жаны жақсы жат артық.

Ілмектер: алтын, жат, туған, туыс, ағайын

Туғаным — туырлығым,
Қарындасым — қазынам.

Ілмектер: туған, туыс, қарындас

Жаныңды қинасаң,
Ерлік оңай.
Жақыныңа бұрмасаң,
Билік оңай.

Ілмектер: ерлік, туған, туыс, ағайын

Кереге бойы қар жауса да,
Жұтамайды сауысқан.
Қанды қалпақ кисе де,
Қиыспайды туысқан.

Ілмектер: туған, туыс, туысқан

Жиеннің алғаны парыз,
Жезденің алғаны қарыз.

Ілмектер: туған, туыс, қарыз

Бажаны бажа көрсе, басы қышиды.

Ілмектер: бажа, туған, туыс, ағайын

Жаман туғаның болғанша,
Жақсы жолдасың болсын.

Ілмектер: жолдас, дос, достық, туған

Ағайын туған кімде жоқ,
Сыйласпаса одан жат жуық.

Ілмектер: жат, ағайын, туған

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...