Өлеңдер Бөлімі

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (98) Өлеңдер (66) Жоспарлар (29) Мақал-мәтелдер (351) Ұлағатты сөздер (178)

Шешеннің тілі — семсердің жүзі.

Ілмектер: шешен, тіл, семсер

Сыйларға асың болмаса,
Сыйпарға тілің болсын.

Ілмектер: ас, тіл

Ат жүйрігі —
Азаптан құтқарады.
Тіл жүйрігі —
Мазақтан құтқарады.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, тіл, мазақ

Жаман көлдің суы ащы
Жаман адамның тілі ащы.

Ілмектер: жаман, адам, тіл

Жұпары жоқ гүлден без,
Жұғары жоқ тілден без.

Ілмектер: гүл, тіл

Өнер алды — қызыл тіл.

Ілмектер: өнер, тіл

Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.

Ілмектер: тіл

Тіл — буынсыз,
Ой - түпсіз.

Ілмектер: тіл, ой

Сүйреңдеген қызыл тіл
Сүйгеніңнен айырар;
Иә жау бетін қайырар.

Ілмектер: тіл

Алажағым кетсе де,
Айташағым кетпесін.

Ілмектер: тіл

Ат жүйрігі айырады,
Тіл жүйрігі қайырады.

Ілмектер: төрт түлік мал, тіл

Мақтаған жеткізер,
Шаққан өлтірер.

Ілмектер: тіл

Бал тамған тілден
У да тамар.

Ілмектер: тіл

Сүңгінің жарасы бітер,
Тіл жарасы бітпес.

Ілмектер: тіл

Басқа пәле тілден.

Ілмектер: пәле, тіл

Тіл — тиексіз.

Ілмектер: тіл

Тіл ерді қабырға салады,
Нарды қазанға салады.

Ілмектер: тіл, төрт түлік мал

Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.

Ілмектер: тіл

Қызыл тіл жанның мияты,
Абырой ердің қуаты.

Ілмектер: абырой, тіл

Ашуың келсе — қолың тарт,
Айтпас жерде — тілің тарт.

Ілмектер: ашу, тіл

×