Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (136) Ұлағатты сөздер (124)

Бұл іс – Халиса ботқасы емес.

Ілмектер: іс, ботқа, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Орындалмасын десең,
Бір істі бес кісіге тапсыр.

Ілмектер: іс, орындалу, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Ханның ісі басталса,
Қатынның ісі тоқтай тұрар.

Ілмектер: хан, қатын, іс

Баланың ісі сеп болмайды,
Ешкінің мүйізі сап болмайды.

Ілмектер: бала, іс, ешкі, мүйіз

Кең тон тозбайды,
Кеңесті іс азбайды.

Ілмектер: кеңес, іс

Істі азанда бастасаң,
Іңірде тойларсың.

Ілмектер: іс

Сөзге шебер,
Іске олақ.

Ілмектер: сөз, іс, шебер

Тірлікте түрлі іс кездесер,
Тірлік боп бәрі тез көшер.

Ілмектер: тірлік, іс

Ісі оңалмастың иті шөп жейді.

Ілмектер: іс, қырғыз мақалы

Айтып қылған істің айыбы жоқ.

Ілмектер: айып, іс, қырғыз мақалы

Қыңыр іс қырық жылдан кейін де білінеді.

Ілмектер: іс, қыңыр, жыл

Асым қалса қалсын,
Ісім қалмасын.

Ілмектер: ас, тамақ, іс

Бұл заманның ісін есті бітірмейді, епті бітіреді.

Ілмектер: заман, іс

Ағаш екпей жеміс бермес,
Іс бітпей жеңіс келмес.

Ілмектер: ағаш, жеміс, іс, жеңіс

Адал іс істесең, адал боп өсесің,
Ақылды іс істесең, өміріңе құт,
Қиын іс бітірсең, өмір бойы қорықпайсың.

Ілмектер: адал, құт, іс, ақыл, өмір, қиын

Адам ісінің астарында өлім жатады.

Ілмектер: өлім, адам, іс

Адамның ақылы азса,
Істемес істі істейді.

Ілмектер: ақыл, азу, іс, адам

Аз ғана игі іске көп рахмет айт.

Ілмектер: игі, іс, рахмет

Айтқан екен жайған адам атағын,
Сабыр еткен түзер істің шатағын.

Ілмектер: атақ, сабыр, шатақ, іс

Ақылды ой ойлағанша,
Тентек ісін бітірер.

Ілмектер: ақылды, ой, тентек, іс