Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (136) Ұлағатты сөздер (124)

Білген кісінің ісі байыпты.

Ілмектер: білім, кісі, іс, байыпты

Өткен іске өкінбе.

Ілмектер: іс, өкіну

Жақсы іске келді, жаман асқа келді.

Ілмектер: жақсы, жаман, ас, іс

Көзсіз жұмсаған — күш арам,
Көріксіз істелген — іс арам.

Ілмектер: күш, іс, өнер

Білімсізден де бір іс өтер,
Білімдіден де бір іс өтер.

Ілмектер: білім, іс

Бұ заманның ісін есті кісі бітірмейді,
Епті кісі бітіреді.

Ілмектер: заман, іс, ептілік, есті, епті

Бұл өмірге келген соң, жақсылық қыл,
Жаман істі жамандарға ғана қалдыр.

Ілмектер: өмір, жақсылық, жаман, іс

Болар істің біткені жақсы.

Ілмектер: іс, жақсы

Басыңа іс түссе,
Жақсы көмек етеді,
Жаман күліп өтеді.

Ілмектер: іс, жақсы, жаман

Жорғаң қатты болса, бәске сал,
Ісің ақ болса, көпке сал.

Ілмектер: іс, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Ісім жақсы деме,
Көпке ойлат.
Суды саяз деме,
Құрығыңды бойлат.

Ілмектер: іс, көп, су

Жаман істен ғана емес, жаман сөзден де сақтан.

Ілмектер: жаман, іс, сөз

Біткен іске сыншы көп,
Піскен асқа жеуші көп.

Ілмектер: іс, ас, сын, сыншы, дәуір

Сіздің істеріңіз — сіздің ескерткішіңіз.

Ілмектер: мысыр мақалы, іс, ескерткіш

Асына қарай ісі.

Ілмектер: ас, іс