Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (34) Ұлағатты сөздер (17)

Қорқақтың сылтау қойнында,
Басын сақтау ойында.

Ілмектер: қорқақ, ой, соғыс

Бір қорқақтың кесірі мыңға тиер,
Жолдас болсаң қорқақпен - жаның күйер.

Ілмектер: қорқақ, кесір, соғыс

Қорқақ тірідей өледі,
Жолдастары күнде көмеді.

Ілмектер: қорқақ, жолдас, соғыс

Батырдың көзі өмірге түседі,
Қорқақтың көзі өлімге түседі.

Ілмектер: батыр, қорқақ, өмір, өлім

Қорқақтың қатыны болғанша,
Батырдың жесірі бол.

Ілмектер: қорқақ, жесір, батыр

Мұратқа жетер қорқақ жоқ.

Ілмектер: мұрат, қорқақ, парсы мақалы

Қорқақтық — өліммен ағайын.

Ілмектер: қорқақ, өлім, парсы мақалы

Қорқақты қорқытпа,
Батыр болады.

Ілмектер: батыр, қорқақ

Көршің қорқақ болса,
Үрейіңді ұшырып бітеді.

Ілмектер: көрші, қорқақ, қырғыз мақалы

Қорқақ өз көлеңкесінен де қашады.

Ілмектер: қорқақ, қорқақтық, қырғыз мақалы

Жорғадан туған жортақ бар,
Батырдан туған қорқақ бар.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, батыр, қорқақ

Көз қорқақ,
Қол батыр.

Ілмектер: еңбек, қорқақ, батыр

Қорқақтың көзі үлкен,
Ақымақтың сөзі үлкен.

Ілмектер: қорқақ, ақымақ