Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (9) Өлеңдер (23) Мақал-мәтелдер (53) Ұлағатты сөздер (8)

Саятшылық сабырлыға жарасар.

Ілмектер: сабырлық, қыран, құс, құмай, тазы, аңшылық, саятшылық

Ғашық жардың белгісі - ата-анадан бездірер,
Қыран құстың белгісі - таудан тасқа кездірер.

Ілмектер: ғашық, қыран, тау, белгі, ата-ана

Қыран шексіз көкте жүзеді,
Ер теңіз-ойда жүзеді.

Ілмектер: қыран, ер

Ит үреді, керуен көшеді.

Ілмектер: қыран, құс, құмай, тазы, аңшылық, саятшылық, ит

Қағынан құлан жерісе, су таба алмай шөлде өлер.

Ілмектер: қыран, құс, құмай, тазы, аңшылық, саятшылық

Қырандарын қинаған – даласын да сыйламас, ұландарын қинаған – данасын да сыйламас.

Ілмектер: қыран, дала, ұлан, сыйлау, сыйластық, сый

Түлкі алмас қыран жоқ, құсбегісі кезіксе, жақсы болмас жігіт жоқ, ақылшысы кездессе.

Ілмектер: қыран, Құсбегілік, жігіт, ақыл, даму, өсу, өзгеру

Жеріне қарай бұланы, тауына қарай қыраны.

Ілмектер: жер, қыран

Қыран ұясының ауызынан жем іздемес, қоян інінің аузындағы шөбін жемес.

Ілмектер: қыран, жем, қоян

Араны ашылған қыран не аңды алады, не аңшының өзін алады.

Ілмектер: аран, қыран, аңшы, араны ашылу, тойымсыздық, ашкөз, қомағай, тойымсыз, қанағатсыз, сараң, Шерхан Мұртаза

Кәрі қыран – аңшының бастаушысы.

Ілмектер: қыран, аңшы, бастаушы

Қыран құс – ер жолдасы.

Ілмектер: құс, қыран, ер, жолдас

Қасқырдың өзі қатты, жолы жұмсақ,
Қоянның жолы қатты, өзі жұмсақ.

Ілмектер: қыран, құс, құмай, тазы, аңшылық, саятшылық, қоян, қасқыр