Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (154) Өлеңдер (7) Жоспарлар (45) Мақал-мәтелдер (236) Ұлағатты сөздер (138) Әзіл, анекдоттар (1)

Жауынгерлік тәрбие әскери киімде емес, жөргекте жатыр.

Ілмектер: Жауынгер, тәрбие, әскер, киім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жөргек Бауыржан Момышұлы

Бала тәрбиелеу — шындап келгенде, өз-өзіңді тәрбиелеу.

Ілмектер: бала, тәрбие, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды.

Ілмектер: әке, тәрбие, мектеп Ян Амос Коменский

Білім берудің қай түрі болмасын — тәрбие.

Ілмектер: білім, тәрбие Лев Толстой

Тәрбие дегеніміз — тәрбиеленушілерді белгілі бір адамгершілік дағдыларын меңгеруге көндіру мақсатымен бір адамның екінші адамға жасайтын ықпалы.

Ілмектер: тәрбие, адамгершілік, ықпал, нақыл, афоризм Лев Толстой

Нағыз жауынгерлерді тәрбиелеуде дәстүрдің алатын орны зор.

Ілмектер: жауынгер, дәстүр, тәрбие, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Тәрбие адам бойында жақсы мінез-құлық қалыптастырады.

Ілмектер: тәрбие, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мінез, мінез-құлық Бауыржан Момышұлы

Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы.

Ілмектер: тәрбие, жау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әл – Фараби

Тәрбиелеудің басты міндетін адамгершілік әсер етуден құрайды.

Ілмектер: адамгершілік, тәрбие, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Константин Ушинский

Егер баланы тәрбиелеген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруге тиімді ықпал жасайды.

Ілмектер: тәрбие, нақыл, афоризм, адамгершілік, қанатты сөздер Василий Сухомлинский

Егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады.

Ілмектер: қуаныш, бақыт, тәрбие, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, бала Василий Сухомлинский

Әдебиеттің түпкі мақсаты – адам жанын тәрбиелеу.

Ілмектер: Әдебиет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тәрбие, жан, адам Ғабиден Мұстафин

Судың тазалығын үйретейік, желдің еркелігін үйретейік, ағаштардың жайқалуын үйретейік, күннің жылылығын үйретейік, Ата-ананың достығын үйретейік... Балаларымызды әуелі ата-ананың мейіріміне, махаббатына бөлейік!

Ілмектер: су, тазалық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ата-ана, бала, тәрбие, ағаш, күн, мейірім, махаббат Ғабит Мүсірепов

Қай халықтың болса да өсер жолында қандай қабілеті тиянақты болса, сонысына сүйене отырып тәрбиелеу ұтымды болу керек.

Ілмектер: халық, тәрбие, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Адамды бәрі де тәрбиелейді: адамдар, заттар, құбылыстар, бірақ ең алдымен ол — адамдар. Бірінші кезекте — ата-аналар мен педагогтар.

Ілмектер: тәрбие, ата-ана, педагог, ұстаз, мұғалім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Антон Макаренко

Адам бойындағы басты сезім — парыз сезімін ұштап, тәрбиелеу.

Ілмектер: сезім, парыз, сезім, тәрбие, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ерлік дегеніміз әскери тәрбиенің, ширыққан ішкі күрестің, ең алдымен адамның өзін жеңе білген күресінің нәтижесі.

Ілмектер: ерлік, нақыл, афоризм, тәрбие, күрес, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Шындық — парыз сезімін, ерлікке, адамгершілік жағынан кіршіксіз болуға, мұқалмас ерік-жігерді шыңдауға, өз парызына деген сенімділікке тәрбиелеуде ең бір құнарлы құрал болып табылады.

Ілмектер: Шындық, парыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сенім, тәрбие Бауыржан Момышұлы

Құран түсінсең кешпейсің баз. Тағдыр — тәрбие, Алла — ұстаз.

Ілмектер: құран, тағдыр, Алла, Тәрбие, ұстаз Нарша Булгакбаев

Мәдениеттілік — адамның рухани өрісімен өлшенеді. Қанында бар тектілігің мен бойыңа сіңген жақсы тәрбиең қандай деңгейде екендігің мәдениетіңнен көрінеді.

Ілмектер: Мәдениеттілік, мәдениет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қан, тектілік, тәрбие Бауыржан Момышұлы

Пікірлер