Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (4) Ұлағатты сөздер (8)

Бізде қоғамдық қажеттіліктерді білмейтіндіктен және гуманистік теорияларға тым берілгендік салдарынан дәл осы сәтте мүлдем керексіз жаңалықтар мен реформалар кіргізу ете жиі кездеседі.

Ілмектер: қоғам, жаңалық, реформа Шоқан Уәлиханов

Адамзат ақыл-ойы талай ғажайыптарды ойлап тауып жатыр ғой. Алда да небір ғаламат жаңалық ашылар. Бәрібір ең ұлы жаңалық — жазу. Одан асқан жаңалық болған емес. Жазудың ойлап табылуы мәңгіліктің біржола мойындалуы. Жазу Адам нәсілін ақылды, айлалы етіп қана қойған жоқ, иманды да ибалы, парасатты да етті. Шын мәнінде Ғылым, Дін, Мәдениет жазудың арқасында пайда болды. Осы арқылы өткен ұрпақтардың құндылықтарымен сусындады, кемелденді.

Ілмектер: жаңалық, ғылым, жазу, жазушы Әбіш Кекілбаев

Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі, оған жаңалық ашуға көмектескен жөн.

Ілмектер: адам, жаңалық, үйрету, қайталау Галилео Галилей

Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу.

Ілмектер: білім, жаңалық, нақыл, афоризм Әл – Фараби

Тек нағыз бейкүнə бала жүрегі ғана жаңа ойларға жүгіне алады, ал жараланған жəне қорланған жүрек ешқашан да ешқандай жаңалық аша алмайды.

Ілмектер: бала, жүрек, ой, жаңалық Роберт Вальзер

Жаңа нәрсені ойлап табу үшін үлкен батылдық, шығармашылық және қажырлы еңбек қажет, сондықтан көптеген адамдар одан аулақ жүреді. Себебі оларға көптеген адамдардың ізімен басылған жолмен жүру оңайырақ. Бірақ ойсыздар үшін ол да қиындық тудырады!

Ілмектер: Жаңа, жаңалық, ой, өнертапқыш, шығарма, батылдық, қажырлы еңбек, адам, адамдар, із, жол, ойсыз Али Айбекұлы

Білімнің шырқау шыңында қашанда бір жаңалық жетіспей тұрады.

Ілмектер: білім, шың, жаңалық Жорж Батай

Мен әдемімін, мықтымын, ақылдымын, мейірімдімін. Бұл жаңалықтың барлығын өзім аштым.

Ілмектер: жаңалық, әдемі, мықты, ақылды, мейірімді Станислав Ежи Лец

Пікірлер