Қысқа кілт сөз(ілмек) жазып, "іздеу" батырмасын басыңыз, сол сөзге байланысты мәліметтер шығады, мысалы: ана
Іздеген кілт сөзіңізге(ілмек) байланысты мәліметтер:
Адам ерлігінің ең зор сынағы - жеңіліске ұшырағанда рухы түспеу.
Ілмектер: ерлік, сынақ, жеңіліс, рух Роберт Ингерсолл
Жеңілістің өзінен де ұяты жаман.
Ілмектер: ұят, намыс, ар, жеңіліс Тоныкөк
Мен жеңілістерді көтере алмайтынмын. Мен жай ғана іске аспайтын 10 000 әдісті таптым.
Ілмектер: жеңіліс, әдіс Томас Эдисон
Адам жеңілістерге төзуге жаралған жоқ. Адамда құртуға болады, бірақ жеңе алмайсыз.
Ілмектер: жеңіліс, жеңіс, нақыл, адам, қанатты сөздер, афоризм Эрнест Хемингуэй
Сәттілік — біржолата емес. Жеңіліс — пешенеге жазылмаған. Тек жалғастыра беру маңызды.
Ілмектер: Сәттілік, жеңіліс, маңыздылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уинстон Черчилль
Кез келген алды-артын ойлағыштық неден күйрейдi? Адамның топастығынан… Әлемдегi бiрiншi семсерлеушi (фехтовальщик) әлемдегi екiншi семсерлеушiден қорықпаса да болады — ол қолына ешқашан семсер ұстамаған наданнан қорқуы тиiс: надан iстеуге тиiс емес нәрсенi iстейтiндiктен, тәжiрибелi семсерлеушi жеңiлiс табады.
Ілмектер: күйреу, топастық, әлем, надан, қорқу, тәжiрибе, жеңіліс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Твен
Адамдар күресуден бас тартып, жеңіліске ұшырайды.
Ілмектер: адам, күрес, жеңіліс, бас тарту Генри Форд
Тактикасыз cтратегия — бұл жеңіске жетудің ең баяу жолы. Стратегиясыз тактика — бұл жеңілістің алдындағы жайсыздық.
Ілмектер: Тактика, cтратегия, жеңіс, жеңіліс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сұн Зы
Жібі үзілмеген жеңілістер, тəжірибеге шексіз берілгендік тəрізді, адал қызмет етеді.
Ілмектер: жеңіліс, тəжірибе, адал Жорж Батай
Спорт - бұл қызыққа толы өмір. Табысқа бірден жеткізбейді. Жеңіліс қорқынышты емес, жеңіске сенбеген қорқынышты. Әрбір жаттығу қатты терлегендер үшін лифт, жай терлегендер үшін баспалдақ. Спорт - үлкен тәрбие мектебі. Бүгін тырысасың, қиналасың, ертең бірақ қуанасың, мақтанасың.
Ілмектер: Спорт, қызық, өмір, табыс, жеңіліс, қорқынышты, жеңіс, сенім, жаттығу, терлеу, лифт, баспалдақ, тәрбие, мектеп, тырысу, қиналу, қуану, қуаныш, мақтану, мақтаныш Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
Өзіне-өзі қол салу көбіне туған-туысқандары мен достарының жанына жара салу немесе шын əлде жалған жеңіліс үшін кек алу əрекеті болып шығады.
Ілмектер: туысқан, Өз-өзіне қол жұмсау, дос, жеңіліс Альфред Адлер
Өз-өзіңді жеңу — жеңістердің ең біріншісі әрі ең жақсысы, ал өз-өзіңнен жеңілу — жеңілістердің ішіндегі ең ұяттысы және ең жаманы.
Ілмектер: өзін-өзі жеңу, ішкі тәртіп, ерік-жігер, мораль, рухани күш, Платон, жеңіс, жеңіліс, күрес, нәпсі, әлсіздік, тәртіпсіздік, өзіндік тәртіп Платон
Оригинал (ежелгі грекше):
...τὸ νικᾶν αὐτὸν αὑτὸν πασῶν νικῶν πρώτη τε καὶ ἀρίστη, τὸ δὲ ἡττᾶσθαι αὐτὸν ὑφ’ ἑαυτοῦ πάντων αἴσχιστόν τε ἅμα καὶ κάκιστον.
Алынған жері:
«Заңдар» (Nomoi / Laws), I кітап, 626e–627a
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі