Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (7) Ұлағатты сөздер (5)

Ақынды прозамен тексеріп алса - теріс емес.

Ілмектер: ақын, проза Асқар Сүлейменов

Сөйлемдегі өмір мен сөйлемнің өмірі бірікпегесін – тірі тіркес тумайды. Өмірдің тамыр солқылы мен сөйлемнің тамыр солқылын лингвистикалық проза ғана қоса алады.

Ілмектер: сөйлем, проза, лингвистика, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Өзі үшін өлең жазатындар баршылық, ал өзі үшін ғана проза жазу мүмкін емес. Бұл абсурд, өтірік.

Ілмектер: бсурд, өтірік, өлең, проза, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әлібек Асқаров

Фариза Оңғарсынова поэзияда да, прозада да тұяғы мұқалмаған хас дүлділ... Поэзиясы — шың. Прозасы — сол шыңды тіреп тұрған шоқылар...

Ілмектер: Фариза, поэзия, проза, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шерхан Мұртаза

Ақынның жазушыдан айырмашылығы сол, ол шабыты келген сәтте төгіп-төгіп жазады да, прозашылар сияқты ұзақ сарылып отырмайды.

Ілмектер: проза, ақын, жазушы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Пікірлер