Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (6) Ұлағатты сөздер (5)

Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, сырласы, атар оғы, берер дәрі-дауасы — поэзиясы болмақ-ты...

Ілмектер: Фариза, дос, поэзия, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Фариза Оңғарсынова поэзияда да, прозада да тұяғы мұқалмаған хас дүлділ... Поэзиясы — шың. Прозасы — сол шыңды тіреп тұрған шоқылар...

Ілмектер: Фариза, поэзия, проза, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шерхан Мұртаза

Фариза поэзиясының басты ерекшелігі — ақын ой мен сезімнің қалыпқа көнбей, қанатынан қан сорғалап тұрса да, биікке, заңғар көкке талпынып, шарқ ұрып, азаттық атты әулие ұғымның қасиетіне табынып, әуелей самғап, жан сырын ақ күміс теңгедей ашық шаша білуінде.

Ілмектер: Фариза, поэзия, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ақын, ой Күләш Ахметова

Фариза — өз жырын жүрегімен сезгенін, адам табиғатынан байқағанын сыршылдықпен сидырып, адамның алуан сезімдері мен сәттерін, өмір құбылыстарын өз жүрегінің дүрсілімен бере білетін ақын.

Ілмектер: Фариза, ақын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мәриям Хакімжанова

Абай бастаған ұлы ақындары бар елде қыздан шыққан Фаризасы болу да қазақ елі үшін керемет жарасым. Мен осы жарасымды көргеніме бақыттымын.


Ілмектер: абай, ақын, фариза, бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әбділдә Тәжібаев