Корейская косметика премиум класса

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (40) Өлеңдер (101) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (45) Ұлағатты сөздер (175)

Сезім әлемінде бір ғана заң бар - сүйгеніңе бақыт құрау.

Ілмектер: сезім, заң, бақыт Стендаль Фредерик

Бір адамды бақытты етіп, жүзіне - мұң көлеңкесін, жанына - қайғы ізін түсірмеу әркімнің қолынан келеді.

Ілмектер: бақыт, қайғы, адам, мұң Сағатхан Әшімбаев

Еңбек – бақыттың атасы

Ілмектер: еңбек, бақыт, ата Бенджамин Франклин

Ақылды кісілердің бақытты болғаны өте сирек.

Ілмектер: ақыл, кісі, бақыт, сирек Эрнест Хемингуэй

Махаббат деген қасиетті күш. Дүниеде махаббат болмаса, адам баласы қуаныш пен қайғының, бақыт пен бақытсыздықтың не екенін білмей өтер еді.

Ілмектер: махаббат, күш, қуаныш, қайғы, бақыт Ілияс Есенберлин

Бақыт қонған ерлердің әрбір ісі оң болар,
Дәулеті күнге артылып, не қылса да мол болар.

Ілмектер: бақыт, дәулет, ер Асан қайғы

Бәрінен де тек қана өзіне бағынышты адам бақытты.

Ілмектер: тәуелсіздік, адам, бақыт Цицерон

Біз бақытты болмай, ол сөзді қолдануға құқылы емеспіз.

Ілмектер: бақыт Бернард Шоу

Дана халқымыз қателiктерiмiздi түсiнедi, оларды кешiре де бiледi. Халық кешiрмейтiн бiр-ақ нәрсе бар, ол – елдiң қолына зарықтырып барып қонған Бақыт құсынан, Тәуелсiздiктен айрылып қалуды кешiрмейдi. Егер бiз Тәуелсiздiктен айрылсақ, бiзге кешiрiм жоқ.

Ілмектер: тәуелсіздік, бақыт, халық Нұрсұлтан Назарбаев

Біздер бақыт өзі келеді деп күтпей, керісінше оған өзіміз қол жеткізуіміз керек.

Ілмектер: бақыт Ник Вуйчич

Қуаныш пен бақыттың жанымызға терең бойлағаны соншалық, оған үнемі ынтығамыз да тұрамыз.

Ілмектер: бақыт, қуаныш Ги де Мопассан

Бақытты адамдардың ұстамдылығы баянды сәттілік сыйлаған сабырдан тарайды.

Ілмектер: бақыт, сабыр, адам Франсуа де Ларошфуко

Бақыттың емін табатын дәрі-дәрмек жоқ.

Ілмектер: бақыт, дәрі-дәрмек, ем Габриэль Гарсиа Маркес

Бақытты болған жеріңізге ешқашан қайтып оралмаңыз. Қайда жүрсеңіз де өзіңізді бақытты сезініңіз. Ал белгілі бір жерге қайтып барсаңыз, онда бәрі құриды.

Ілмектер: бақыт Агата Кристи

Кім өзін құрметтесе, сол – бақытсыз, бірақ оның есесіне өзіне әбден көңілі тоқ адам – ақылсыз.

Ілмектер: құрмет, бақыт, ақыл Ги де Мопассан

Өздерін бақытсыз адам деп есептейтіндер – бақытқа жетуге сәл-ақ қалғанда шыдамай кетіп қалған адамдар.

Ілмектер: бақыт, бақытсыздық, адам, шыдам, шыдамдылық Ник Вуйчич

Жүректі шын күйдірсе, махаббат азабының өзі де бір қуаныш емес пе? Иә, зор қуаныш. Өйткені жүрек күю үшін шын махаббат, зор махаббат керек. Ал, ондай махаббат жаныңа қанша азап салса да – қуаныш, бақыт.

Ілмектер: махаббат, жүрек, азап, қуаныш, бақыт Ілияс Есенберлин

Бақытта баян жоқ - ұшқан құс тәрізді.

Ілмектер: бақыт Иүгінеки Ахмед

Бақыт - көктемгі бұлт сияқты: көрген түстей, ұшқан құстай өтеді де шығады.

Ілмектер: бақыт Иүгінеки Ахмед

Бақыттың жолын білім ашар.

Ілмектер: бақыт, білім Иүгінеки Ахмед

×