Баласыз адам — бақытсыз адам.
Ілмектер: адам, бала, бақыт Шерхан Мұртаза
Жақсы бастық – жарты бақыт.
Ілмектер: бақыт, бастық Бауыржан Момышұлы
Бұл өмірдегі ең үлкен бақытыңыз – бақытты балалық шағыңыз.
Ілмектер: бақыт, балалық шақ Агата Кристи
Бақытты іздеп табамын деп байбалам салмай-ақ қойыңыз. Өйткені бақыт деген – сіз. Тек оған жету үшін барлық қырыңызды танытуыңыз керек.
Ілмектер: бақыт Михаил Литвак
Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты.
Ілмектер: ер, ел, бақыт, жүрек Бауыржан Момышұлы
Бақыт дегеніміз – бұл сіздің ойлағаныңыз, айтқаныңыз бен істеген ісіңіздің өзара үйлесімде болуы.
Ілмектер: бақыт Махатма Ганди
Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты.
Ілмектер: бақыт, денсаулық Артур Шопенгауэр
Бақыттың базарында шалқу үшін өз жәннатың болуы керек. Ортақ бір жұмақ бәрінің көңілінен шыға қоймайды.
Ілмектер: бақыт Марк Твен
Сұлулық деген - бақытты уәде ету.
Ілмектер: сұлулық, бақыт, уәде Стендаль Фредерик
Жұбайлар бір-бірінің мінезін зерттеп білмей некенің бақытты болуы екіталай.
Ілмектер: неке, бақыт, отбасы Оноре де Бальзак
Бақыт деген екеудің сыбағасы.
Ілмектер: бақыт Пифагор
Басқаларды бақытты етуге тырыса отырып, өз бақытымызды табармыз.
Ілмектер: бақыт Платон
Саналы да ерікті еңбек қана адамды бақытқа кенелтеді.
Ілмектер: сана, еңбек, бақыт Константин Ушинский
Егер еңбекті таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз.
Ілмектер: еңбек, өмір, бақыт Константин Ушинский
Саналы әрі еркін еңбек қана адамды бақытпен жарылқайды.
Ілмектер: еңбек, бақыт Константин Ушинский
Халқыңызды бақытты еткіңіз келсе, екі нәрсенің біреуін жасауыңыз тиіс. Оларды қанағаттандыратын нәрсені беріңіз: үздік тағам, үздік киім, үздік тұрғын-үй. Егер бұған мүмкіндік болмаса, осы жағдайда жетуге болатын жолды көрсетіңіз.
Ілмектер: халық, бақыт, үздік, үй, тағам, киім Ли Куан Ю
Өз бақытын бағалай білмеген адам бақытсыздыққа ұшырайды.
Ілмектер: бақыт, нақыл сөз, бақыт туралы нақыл сөз Ибн Сина
Бақыт — таңертең жұмысқа баруға асығу, кешке үйге баруға асығу.
Ілмектер: бақыт, бақыт туралы нақыл сөздер, жұмыс, үй Назым Хикмет Ран
Бақыт барын салып еңбектенгенге бұйырады.
Ілмектер: бақыт, еңбек Иоганн Вольфганг фон Гёте
Бақыттың белгісі - білім.
Ілмектер: білім, бақыт Махмұд Қашқари
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі