Өлең, жыр, ақындар

Стендаль Фредерик

Стендаль (Stendhal) Фредерик, Анри Мари Бейль (фр. Marie-Henri Beyle; 23 қаңтар 1783, Гренобль — 23 наурыз 1842, Париж) – француз жазушысы. 1800 – 14 жылы әскери қызмет атқарып, Наполеон әскері құрамында Берлин, Вена, Мәскеу шабуылдарына қатысты. 1814 – 21 жылы Италияда, кейін Францияда тұрды. 1830 жылдан өмірінің соңына дейін Италияда елші қызметін атқарды. Стендаль алғашқы туындыларын бүркеншік атпен 1814 жылдан жариялай бастады. “Стендаль” есімін тұңғыш рет “Рим, Неаполь, Флоренция” (1817) атты еңбегінде қолданды.


Нақыл сөздері

Еңбек — өмір шынысына адамның құятын майы, ой — жағатын оттығы.

Ілмектер: Еңбек, өмір, адам, май, от, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Стендаль Фредерик

Сұлулық деген - бақытты уәде ету.

Ілмектер: сұлулық, бақыт, уәде Стендаль Фредерик

Адам мінезі деп – мен оның моральдық әдеттерінің жиынтығын айтамын.

Ілмектер: мінез, әдет, мораль Стендаль Фредерик

Адамды тану үшін өзіңді зерттеу жеткілікті, адамдарды тану үшін олармен араласу керек.

Ілмектер: адам, зерттеу, қарым-қатынас Стендаль Фредерик

Сезім әлемінде бір ғана заң бар - сүйгеніңе бақыт құрау.

Ілмектер: сезім, заң, бақыт Стендаль Фредерик

Қарап көріңіз

Пікірлер