Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (17) Өлеңдер (14) Жоспарлар (3) Мақал-мәтелдер (44) Ұлағатты сөздер (54)

Жақсы адамдар жақсылығын ұнатса, ізгілігінде қабағын түйіп емес, күлімдесе, қаншама игі іске ұтар еді.

Ілмектер: жақсы, Жақсылық, ізгілік Джеймс Усшер

«Жақсы бол» деп әркім айтады, «жаман бол» деп ешкім айтпайды. Жаман сонда да бола береді. Адал дән егумен шығады, арам шөп өзі шығады. Жамандық арам шөп сияқты, жұлмаса өседі, егіннің өнімін кеседі. Сондықтан егін мен арам шөп, жақсылық пен жамандық өмір бойы отаса алмай келеді.

Ілмектер: жақсылық, жамандық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Өмірді жақсы көр, себебі оны Алла жаратты. Өмірде жүрген өзің сияқты адамдарды жақсы көр, себебі оларды да Алла жаратты. Адамның жаратқанын жақсы көр, себебі оларға да жаратуды Алла үйретті. Сонда адам нені жек көруі керек? Алланың жауы болған Шайтанның жаратқанын.

Ілмектер: Өмір, Алла, жақсылық, жаратылыс, адам, жек көру, жау, шайтан, туралы Нарша Булгакбаев

Тауардың жақсылығына көзім жетіп тұрмаса да, оны жан сала дəріптеген жарнаманың сəттілігіне сенемін.

Ілмектер: тауар, жарнама, жақсылық, сәттілік Жан Бодрийяр

Жақсылыққа деген үміт көп жерде, аярлардан аяқ алып жүре алмайсыз.

Ілмектер: жақсылық, үміт Роберт Вальзер

Кітап емес, өмір жақсылыққа баулиды.

Ілмектер: кітап, өмір, жақсылық Роберт Вальзер

Жақсы істер туралы ойлап əуре болма, одан да жақсылық жасай бер.

Ілмектер: жақсы іс, ой, жақсылық Роберт Вальзер

Егер Жақсылықтың көз қарыр жарқылы Жамандықтың қою қараңғылығын одан əрі қоюлатып көрсетпесе — екіншісінің көз тартарлық ештеңесі де қалмас еді.

Ілмектер: жақсылық, жамандық Жорж Батай

Құрбандық шалудың ақтық мақсаты – жақсылыққа жол ашу.

Ілмектер: құрбандық, жақсылық Жорж Батай

Мистикалық өмірге деген ұмтылысы кезінде адамдар көп қателеседі: олар жақсылық пен жамандықты, жан мен денені, рух пен тəнді бір-біріне қарсы қояды.

Ілмектер: мистика, өмір, қателік, жақсылық, жамандық, дене, рух, тән Пьер Тейяр де Шарден

Сіз дұрыс таңдау жасау үшін, бар жақсылық Бейсаналықтан басталады, ал сіздің санаңыз Жалпы Ақылдың (Жаратушының) даналығына ашық болуы керек.

Ілмектер: дұрыс, таңдау, жақсылық, Бейсана, сана, ақыл, Жаратушы, даналық Narsha Bulgakbaev Debut

Зұлымдық Алладан ба, әлде Аллаһ пәк па? Ізгілік Алладан, Субхан Аллаһ.

Ілмектер: Алла, зұлымдық, ізгілік, Жақсылық, Жамандық, пәк Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев