Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (126) Өлеңдер (27) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (15) Ұлағатты сөздер (121) Әзіл, анекдоттар (2)

Кітабы жоқ үй жаны жоқ дене сияқты.

Ілмектер: кітап, үй, жан Цицерон

Зады, бірегей тұлғаларға, бірегей кітаптарға сын есім жүрмейді.

Ілмектер: кітап, тұлға Асқар Сүлейменов

Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап.

Ілмектер: оқу, кітап, бала Ахмет Байтұрсынұлы

Қолыма қалам алған күнімді қарғыс атсын! Оған дейін менде тек достар бар еді, ал қазір тек дұшпандар.

Ілмектер: дос, дұшпан, қалам, кітап Жан-Жак Руссо

Өзіңді-өзің тану үшін кітап керек. Өзгені де тану үшін кітап керек.

Ілмектер: өзін-өзі тану, кітап Расул Ғамзатов

Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады.

Ілмектер: интеллигент, кітап Мұхтар Әуезов

Қанша кітап оқығанмен, император бола алмайсың.

Ілмектер: кітап, император Мао Цзэдун

Кітап оқу адамды білімді, әңгімелесу – тапқыр, ал жазып алу әдеті – дәлшіл етеді.

Ілмектер: кітап, оқу, әңгімелесу Фрэнсис Бэкон

Кітап - өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.

Ілмектер: кітап, ұстаз, жастар, әдет, өмір, білім Серке Қожамқұлов

Кітап оқу – мұның өзі әлі ештеңені білдірмейді, нені оқу және оқығанды қалай түсіну – басты нәрсе міне осында.

Ілмектер: кітап, оқу Константин Ушинский

Ой жүгіртпестен көп оқи берген сайын, соғұрлым көп білемін деп сенесіз, ал оқып отырып неғұрлым көп ойласаңыз, әлі де өте аз білетініңізді соғұрлым айқын көресіз.

Ілмектер: кітап, ой, оқу Франсуа Вольтер

Дүние жүзінде жақсы кітаптар көп, бірақ бұл кітаптар оларды оқи білген адамдар үшін ғана жақсы. Жақсы кітаптарды оқи білу жазуды тани білумен тіпті де теңбе-тең нәрсе емес.

Ілмектер: кітап Дмитрий Иванович Писарев

Тірлігім көбейген сайын, көбірек оқимын.

Ілмектер: іс, кітап, оқу, нақыл, афоризм Майкл Фарадей

Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол.

Ілмектер: кітап, қас, дос, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауст

Кітапқа енген кез келген формула оны сатып алушылардың санын екі есеге азайтады.

Ілмектер: кітап, математика, формула, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Стивен Хокинг

Кітаптан тауып алатын нәрсеңізді ешқашан есте сақтамаңыз.

Ілмектер: кітап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, есте сақтау Альберт Эйнштейн

Кітаптарды өртегеннен де ауыр қылмыс бар. Ол – оларды оқымау.

Ілмектер: кітап, қылмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Рэй Брэдбери

Әлемдегі ең керемет кинозал — ми. Бірақ сен оны тек кітап оқығанда ғана түсінесің.

Ілмектер: кітап оқу, кітап, ми, кинозал Скотт Ридли

Кітап — заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі.

Ілмектер: ой, кітап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қазына, ұрпақ Фрэнсис Бэкон

Жақсы кітапты оқу өткен ғасырдағы кемеңгерлермен ауызба-ауыз сөйлескенмен бірдей және олар өздерінің ең озық ақыл-ойларын алдымызға жайып салады.

Ілмектер: кітап, кемеңгер, ақыл, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Рене Декарт