Моншақты тақты оншақты,
Оншақты болды моншақты.
Мен бақшаның қарбызын жинадым,
Алмагүл алма үзіп жинады,
Жоламан таудың жалбызын жинады.
Маса жүрді ызылдап,
Маса қаны бұзылды-ақ...
Бір уақта шекесі
Қоя берді дызылдап.
«Латышқа бар қатыстығым,
Айтамын, - деп - латыш тілін»,
Айта алмай шатысты інім.
Қырда екі кекілік жетіліп келеді,
Екі кекілік секіріп-кекіріп келеді.
Қылқиып бала арыңтады,
Шалдығып шал арықтады.
Көздері аларып тағы...
Қорада мал арықтады.
Қызыл сиялы қалам сенде,
Көк сиялы қалам менде.
Қызыл сиялы ол алты теңге,
Көк сиялысы ол жарты теңге.
Құман от ңасында,
Жүген ат басында.
От басынан құманды алыс тастасын ба?
Ат басынан жүгенін ап, ноқта салсын ба?
Құлын-тай шығады,
Тай-құнан шығады.
Кейде тай
Құнанға сай шығады!
Құлақтандырмағандықтарыңыздан
Бара алмай қалдық бәріміз де аңға.
Қойым семіз бе?
Ешкім семіз бе?
Қойым тоғыз ба?
Ешкім сегіз бе?
Қойбағар тойға бармай, қойға барды,
Тойбағар қойға бармай, тойға барды.
Қасқыр - ит,
Тісін ақситты.
Жақсы ит тісін ақситпады.
Қаршыға ма,
Құмай ма?
Әнші балаға қаршыға ұнай ма?
Малшы балаға құмай ұнай ма?
Қарашы қиырға,
Көрінген сиыр ма?
Ұқсай ма сиырға,
Ұқсай ма суырға,
Айыру қиын ба?
Қараңдаршы қанағатты!
Қара лақты қамамапты.
Қамқорлықпен қарамапты,
Қаңғыртыпты қаралақты.
Қарақат терген рахат па?
Тұра қап қарақат жеген рахат па?
Тауықтар да қарақатқа құмар ма?
Тарысы бар ала қап та ұнар ма?
Қара бояу да,
Ақ бояу да бар менде.
Қара бояулар
Ақ бояудан кем бе?
Қапты ап, мақта ап,
Мақта қапталап,
Қақтап аптап,
Теріміз ақты-ақ.
Қаңбақ-тоңғақ!
Тоңғақ-қаңбақ
Ұшты иық қомдап!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі