Аялдап ғарышқа, Аяқ асты жолықтым да Барысқа,
Ауыздықтап қосылдым жарысқа.
Аяң-табақ араласын аяң сытпаған ағайын
Азаматын алалап саяқсытпаған ағайын
Аяз Ата аязданып келе ме,
Аяздың өзін маздатып келе ме?
Аяғыш ағасы бардың -
Аясы кең жағасы бар.
Аюбалдырған шатырланып гүлденіпті,
Азықтың собығы түйнектеліп, Айшықты түрге еніпті.
Аюбарам ырғайды
Аю ғана жырғайды.
Ашқарақтанған ашқарақ он ұрланып,
Ашығыңқырағасын ас ішіпті обырланып.
Ашаң бойлы жасаң Ашахан
Ашамайды қашан жасаған?
Аша тұяқ аңдар да
Аялдады аршалы аңғарға.
Ауан аңқаулау дуанадай ма,
Аужайлап бақсыша қуалай ма?
Атырапқа сары күз кеп,
Ағаш жапырақтары саудырап,
Аунады топыраққа қаудырап.
Аңпаңылатып, томпай ойнап жатқанда,
Айтақырдағы асықшылар оп-оңай тапқан ба?
Аша мұрт шаянды
Асауға балықтар таянды.
Аша ағаштан ашамайды
Айшықтап неге қашамайды?
Ауытқыш ауытқушылыққа араша тұра ма?
Ауытқушымен тіл тауып жараса тұра ма?
Ауылда асық ойнап, қозы бақтым,
Ауылдастан тай бәйгеде озып ақтым.
Ауыздықпен алысқан арғымағы
Арнасы кең арықтан қарғымады.
Аусарлау аусар,
Аусарланса, нені аңсар?
Ауаннан жүр аулағырақ,
Адалдықтан аума бірақ.
Асығын Асан:
- Алшы түс, - деп иірді,
Асықпай сақасын шиірді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі