Астапыралла, найзағай шатырлап жарқ етті.
Астан-кестен нөсер құйып сатырлап
Аспанды осқан найзағай от жалт етті.
Асқабақ басқарақ өскен бе,
Ашқарақ піспей-ақ кескен бе?
Ассалаумағалейкум, Астана,
Аспаңдап ажарланған Бас қала!
Асаусынған ала құнан бұлқынып,
Ауыздықпен алысып тұр жұлқынып.
Асауды бастықтырайық,
Ауыздықтатқызыңызшы,
Алқымынан біз басып тұрайық.
Асатаяқ ұзын ғой, аса таяп ұстамашы,
Аса таяп ұста деп Құмашты қыстамашы.
Асанқайғыланбай-ақ, жасарда шатыр,
Ағайындарды асарға шақыр.
Арықтың бойында
Арықша Ақбала
Асыға кірісті ойынға.
Аршысуға арықты
Аршынбар бешпетті
Аршын төс ару да барыпты.
Арлан қасқыр арпалысса, Арсалақтайды.
Арып-ашып қырды шарлап құр салақтайды.
Арбасқандарды арашалаттырса,
Арашал атқызыңдаршы.
Аралдағы ауылды аралатқызса, ағайын
Аралатқызсыншы, мен де еріп барайын.
Ақ тайыншаның қатығын,
Аппағыма берейін.
Аппағымның атын тез,
Айтқаныңа беремін.
Аралас-құралас араласса,
Ағайын аралассын, бірақ табаласпасын.
Аршалы қияқ қабақта
Алшаң басқан ғана ат па?
Арман «арба» деп еді,
Жанар тілі келмей «сарба» деді.
Ажар «әріп» деп еді,
Айнұр тілі келмей «Шәріп» деді.
Анам апалаң-сапалақ,
Алаңғасар балаға қатал-ақ.
Аңдысын аңдамай Қонай
Алдамназға иланып,
Аңырайып қалды оңай.
Аңғал аңғармай ма,
Аңғарса да аңдамай ма?
Андыз жапырағын
Аң ба таптап, шығарған әлем-тапырығын?
Алманы алып ектім,
Өрікті теріп ектім.
Алма еккенде барып ектім,
Өрік еккенде келіп ектім.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі