Өлең, жыр, ақындар

Жаңылтпаштар

  • 07.04.2015

Айғырсасыр сай- салада өсетін шөп пе екен?
Ай тақырда айғырсасыр көп пе екен?


  • 07.04.2015

Арман атай, аралағаны –
Тарбағатай.
Арман атай атын
Тарбағатай тағалай алмай,
Айғайды салған атай.


  • 07.04.2015

Айбүбі
Қай күні
Әйгілі
Бәйгіні
Алудан
Айныды.


  • 07.04.2015

Айбалтасы айдардай,
Айбарлы тұр Хайдарбай.


  • 07.04.2015

Тасбақа құмын іздеді,
Қасқыр жымын іздеді.
Шымшық шыбын іздеді,Ал інім кімін іздеді?
Інім тайын бүгін іздеді,
Тайын тауып маған: «Мініңіз!» - деді.


  • 07.04.2015

Адамды алдама, алдатпа,
Ардагер атаңды ардақта.
Ананы әлпештеу - адалдық,
Айрылу, аздыру - арамдық.


  • 07.04.2015

Ағам талай ат тағалады,
Ағам қалай ат тағалады.
Қалай ат тағалағанын
Білсем,мақтана аламын,
Білмесем,ұятқа қаламын.


  • 07.04.2015

Ағасы қарындасын іздеп жүр,
Қарындасы қарындашын іздеп жүр.
Ағасына қарындасы керек,
Қарындасына қарындашы керек.


  • 07.04.2015

Аббат абдырағыш па,
Абақ абдырағыш па?
Аббат абдырағыштау,
Абақ қодыраңдағыштау.


  • 06.04.2015

Шапалағы шарт етті,
Алақанда қызыл дақ!
Екінші рет шекесі
Қоя берді дызылдап,
Маса жүрді ызылдап.


  • 06.04.2015

Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда ақ арқар бар.
Алты арқарда марқа арқар бар.


  • 06.04.2015

Шықса шыңға
Шыршалар шаншылып.
Шүпірлеп шығыпты
Сайға сан шыбық.


  • 06.04.2015

Шыңылтыр
Көкше мұз
Жып-жылтыр.


  • 06.04.2015

Шөпті ішке үйгізші,
Күрішті де түйгізші.


  • 06.04.2015

Шоқ-шоқ гүл шоғыры,
Ақ нұрға шағылып,
Шыққа тұр шомылып.


  • 06.04.2015

Шағала көл шетіне қонды,
Қара қарға жол шетіне қонды.


  • 06.04.2015

Ыңғайсызы
Ыңғайсыз-ақ...
Амал жоқ
Тыңдаудай
Тыңдайсыз-ақ.


  • 06.04.2015

Ықыласты-ынталы,
Ынталы-ықтиярлы.
Ықтиярлы-ықтиятты,
Ықтиятты-ықпалды.


  • 06.04.2015

Ізденгіш - ізшең.
Ізшең - ісшең.
Ізшең - іскер.
Іскер - ісмер.


  • 06.04.2015

Сәмбі тал -
Иіліп тұрар.