Өлең, жыр, ақындар

Жаңылтпаштар

  • 05.04.2015

Дөп-дөңгелек
Доп дөңгелеп келеді.
Тепкен бөгеп қарап,
Аяқ оған керегі.


  • 05.04.2015

Әселі ән салады,
Әжесі тамсанады.
Әсеті там салады,
Атасы тамсанады.


  • 05.04.2015

Әлді бала - әлдірек,
Әлсіз бала - тәлтірек.


  • 05.04.2015

Абалақ-сабалағы шыққан иттерді абалатпасаңдаршы,
Абат бақты абалаған иттерге аралатпасаңшы.


  • 05.04.2015

Абжыландай арбамасаңшы,
Абдырамай тал жинасаңшы.


  • 05.04.2015

Бұл, бұл — піл,
Бұл бір ірі піл.


  • 05.04.2015

Бұлаң бұлаң еткен бұл аң.
Бұлаң десем екен қылаң.


  • 05.04.2015

Біреуі көрікті кісі,
Біреуі бөрікті кісі.
Көрікті кісі – зорықты,
Бөрікті кісі – қорықты.


  • 05.04.2015

Тоқпақ жаттап,
Айтсақ жақсы-ақ.
Жатка тақпақ
Жатта тақ-тақ.


  • 05.04.2015

Қондық жаңа қонысқа,
Қалың екен жоңышқа.
Қоныстағы жоңышқа,
Оралады қонышқа!


  • 05.04.2015

Кермеде тұр қырық кір қыстырғыш,
Қырық кір қыстырғышқа
Қырық қыз келіп, кір қыстырды.


  • 05.04.2015

Ата мен әже, ана да,
Алма мен алмұрт тереді,
Ауырға Арман бала да,
Арбамен тасып береді.


  • 05.04.2015

Баланың жаман баға алмағаны,
Мұғалім ағаның жаман болмағаны.


  • 05.04.2015

Қоғанбай қомағай ма?
Жоқ, ағай
Қоғанбай қомағай емес,
Зор ағай.


  • 05.04.2015

Есім есі кетіп есінеп отыр екен.
Ол несіне.
Есі кетіп есінеп отыр екен.


  • 05.04.2015

Күз, Кез, Көз,
Күш, Кеш, Көш,
Кір, Кер, Көр,
Күл, Кел, Көл,
Кілең қысқа сөз,
Кім оқиды тез?


  • 05.04.2015

Сен өлше, ол өлшер,
Сол өлшем, сол мөлшер.


  • 05.04.2015

Омар ора алар,
Омар ора алмаса,
Орал ора алар.


  • 05.04.2015

Алашаларды
Таба алса, алар.


  • 05.04.2015

Арқада алты арқар бар,
Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда ақ арқар бар.
Алты арқарда марқа арқар бар.