Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар

Facebook-та танысқан қыз бен жігіт кездесіпті.
Қыз:
- Не болды, әншейінде facebook-та ауызың жабылмай отыратын едің ғой, қазір неге үндемей қалдың? - десе, жігіт:
- Сен қазір өзіңді facebook-тағы түріңмен келіп тұрмын деп ойлап тұрсың ба? - депті.

Ілмектер: facebook, қыз, жігіт, түр

Екі құрбы суретке түсіп жатыр, енді түскен суреттерін қарап отырып:
- Фуу... ұсқынсыз. Түрді қарашы.
- Ой, сенікі ештеңе емес, мені айтсай.
- Енді сені айтып тұрмын ғой, - депті

Ілмектер: сурет, фото, құрбы

Әжесі немересіне:
- Балам, егер жөтелетін болсаң ауызыңды қолыңмен жауып жөтел, - дейді.
Сонда немересі:
- Әже қорықпаңыз, менің тістерім сіздікіндей ұшып кетпейді, - депті. ))

Ілмектер: ауыз, Әже, бала, жөтел, тіс

Кішкентай бала жүгіріп келіп:
-Апа, апа қайнап жатқан қазаның ішіне тышқан түсіп кетті, - депті. Апасы шошып кетіп:
-Алып тастадың ба? Күиіп қалмадаың ба? Не істедің? - десе, баласы:
-Тышқанды ұстасын деп артынан мысықты салып жібердім, -депті.

Ілмектер: мысық, тышқан, бала, апа

5 жасар ұл мен қыз баланың әңгімесі:
Қыз жылап:
- Менің құлағымды тесейін деп жатыр, - десе, ұл:
- Сенікі ештеңе емес қой, менікін кесейін деп жатыр, - депті.

Ілмектер: қыз, ұл, әңгіме

Егер де темаға кіре алмай, тақырыпты түсінбей жатсаң, "соны айтам" дей сал :))

Ілмектер: тема, тақырып

Әйелдер 50% жеңілдік деген жазуды көрсе болды, милары да 50% жұмысын тоқтатады.

Ілмектер: әйел, әйел туралы әзіл

Тойға дейінгі жағдай:
жігіт: - мә , бұл күнді қанша күттім а.?
қыз: - мүмкін кетуім керек шығар.?
жігіт: - оны ойыңа да алма!
қыз: - мені ұнатасыңба?
жігіт: - әрине, жаным.
қыз: - менің көзіме шөп саласыңба?
жігіт: - ешқашан!
қыз:- ернімнен сүйесің бе?
жігіт: - иә, әрине.
қыз: - маған қол көтересіңбе?
Ал тойдан кейінгі жағдай - диалогты төменнен жоғары қарай оқыңыз!

Ілмектер: жас-жұбай

Бір аңшы достарымен әңгіме барысында былай дейді:
- Арыстан аулағанды ұнатамын. Бірақ еш қолға түсіре алмадым. Өткенде бір мүмкіндігім болды. Арыстанның алдына шығып оны нысанаға алып, енді мылтықтың шүріппесін баспақшы едім,- деп Аңшы біраз тұрып, сөзден кідіріп қалды. Тыңдап тұрғандар да қатты қобалжып, бәрі бір ауыздан сұрайды:
- Айт, айтсаңшы! Не болды содан кейін?...
- Сол мезетте цирктің басшысы қолыма жабысып, «Сен не істеп жатырсың?» демей ме?

Ілмектер: цирк, аңшы, аңшылық

- Әке, сіз маған түсімде кішкентай шоколад сатып алып беріпсіз.
- Балам, бұзықшылық жасамай, тәрбиелі болсаң, түсіңде үлкен шоколад та сатып алып беремін.

Ілмектер: әке, бала, түс

Күйеуі ваннада қырынып жатып, ашуланып:
- Жаңа лезвие сатып алдым, бірақ өтпейді құрып кеткір...
Ар жақта әйелінің дауысы:
- Қызық, линолеумді жақсы кесті бірақ!))

Ілмектер: линолеум, лезвие, әйел, күйеу

Екеудің әңгімесі:
- Семіз тазға дос емес!
- Сен өзіңді семізбін деп ойлайсың ба не?
- Жоқ, мен сенің өз-өзіңе дұшпан екеніңді айтып тұрмын...

Ілмектер: семіз, таз

Бір күні арыстан жатарда өзінің дамбалын жуып қойыпты. Таңертең тұрса дамбалы жоқ дид. Орманды ары-бері айналып дамбалын таба алмапты. Сөйтіп үйіне қайтып келе жатса, дамбалы тышқанның үйінің жанында жатыр дид. Арыстан:
- Ей нақұрыс, менің дамбалымды неге алып жүрсің- дейді, тышқан:
- Ареке кешірші, кеше ағамның тойы болған, соған палатка құрдық- деп айтат дит ))

Ілмектер: Арыстан, орман, тышқан

2 жындының әңгімелесіп отыр екен:
-Ананы қара, тышқан!
-Кім тышқан?
-Жоқ, кәдімгі жүретін тышқан.
-Кім оны жүретін қылып тышқан ?! =)))

Ілмектер: тышқан, жындылар туралы анекдот

Бір псих алдадым, алдадым - деп қуанып жүр екен.
- Өй, сен кімді алдадың? - десе
- Таксистті, акшасын беріп өзім отырмай қашып кетіп қалдым - депті =)))

Ілмектер: жындыхана, жындылар туралы анекдот, псих

Ішіп алған бір балық «Жіберіндер шаршадым бәрінен суға батып өлем»- деп жүр екен)

Ілмектер: балық, мас

Түнде әйелі мен күйеуі. Күйеу:
- Жаным, ұйықтап қалдың ба?
- Жоқ
- Онда, маған қарап жатшы.
- Қойшы, сен сарымсақ жедің
- Маған қарап жат деймін, сен горох жедің ғой

Ілмектер: Сарымсақ, жанұя

Дәрiгер, 1 апта болды түсiме футбол ойнап жүрген тышқандар кiредi.
- Мiне, мына дәрiнi iшсеңiз бәрi дұрыс болады.
- Ертең iшсем бола ма?
- Неге?
- Бүгiн финал едi.

Ілмектер: Дәрiгер, түс, футбол

Бассейнге 60 литр су құйылып, 64 литр су шығарылады екен...)))

Ілмектер: Бассейн, су

Қожекең басына сәлдесін орап, көшеде келе жатады. Біреу аптыға жүгіріп келіп:
— Қожеке мына хатты оқып беріңізші! — деп өтініпті.
— Мен хат танымаймын.
— Ендеше неге басыңызға сәлде орап алғансыз?
— Е, мәселе сәлдеде болса, мә, басыңа ора да, хатыңды оқып ала ғой, — депті оған Қожекең.

Ілмектер: Қожанасыр, сәлде, хат


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)