Бір жылдары Жиреншенің әйелі өледі. «Ел құлағы елу» деген емес пе. Пәленшенің аулында бір шалдың қызы бар, өзі сұлу, өзі ақылды, шешен, тапқыр дегенге іздеп шығып, шалдың аулына жақындай бергенде табытқа салып апа- ра жатқан адамды көреді. Жиренше де солардың соңынан ере береді. Бір ақсақалды шалдың қасына кеп: «Әке, мынау өлген адам ба, жоқ тірі адам ба?» — деп сұрайды. Шал
Жиреншеге жекіп «тірі адамды табытқа сала ма екен?» деп ұрсып тастайды. Жиренше онымен қоймай пісіп тұрған бидайдың жанынан өте бергенде «Әке, мынаны адам жей ме, жоқ па?» деп шалдан тағы сұрайды. Шал «жейтін наныңды білмейтін қандай сорлысың» деп бұрынғыдан да гөрі батылырақ сөйледі. Бағанағы табытқа салған адамды көміп, жұрт үйді-үйіне тарқай бастайды. Жиренше манағы шалға:
«Сіздің үйден сусындауға бола ма?» дейді. «Неге болмасын, шырағым» деп шал Жиреншені үйіне кіргізіп, төсек салып отырғызады да, далада жүрген қызына: «Мына бір ақылынан адасқан жазған екен, сусындатып жібер. Маған өлген адамды «әлі тірі ме» деді. Пісіп тұрған бидайды «адам жей ме, жемей ме» деп сұрайды. Қандай жазған екенін қайдам» дейді. Сонда қыз тұрып: «ой, әке-ай! Бекер айтасыз, өлген
адамды «тірі ме, өлі ме» деген сөзі — егер сол өлген адамның артында баласы жоқ болса, онда оның өлгені. Ал, баласы бар болса, онда оның өлмегені. Пісіп тұрған бидайды «адам жей ме, жоқ, жемей ме» деген сөзі — сол бидайды еккен адамға бұйырса жей ме, жоқ бұйырмаса да жей ме деген сөзі едің депті. Әкесі: «Шырағым, бұ шіркіннің жұмбақтап сөйлегенін мен қайдан білейін» деп тоқталады.
Қыз тұрып: «Сөзінің төркіні жаман екен, Жиренше қу болмаса жарар еді» депті. Жиренше құда түсіп, сол қызды алады. Қыздың аты Қарашаш сұлу еді, баяғы өзінің іздеп шыққан қызы да сол екен.
Jamila
Qarawaw jirenwenin' ba'ibiwesi!
Jamila
Jazg'an pikirdi nege wyg'armaistn'?