Кешірім сұраудың ең үлкен және кішіреюдің ең ауыр түрі «аяғына жығылу» деп аталады. Мұнда айыпты адам жанына беделді адамдарды ертіп, кінәлі адамынан жұрт алдында кешірім сұрайды, күнәсі тым ауыр болған жағдайда аяғына жығылады.
«Алдыңа келсе атаңның құнын кеш» дегендей мұндайда кешірім етіледі. «Аяғына жығылу» да жазамен бірдей болып есептеледі. Аяққа жығылудың екінші бір түрі екі жастың көңіл қосу кезінде ата-ана келісімін аттау барысында қолданылады. Кейде бірін-бірі ұнатқан жігіт пен қыз ата-ананың келісіміне қарамастан (әсіресе қазіргі кезде) бас қосады, отау құрады. Мұндайда «қызды қашып кетті» дейді. Қыздың әке-шешесі ренжіп, кейде қатты ашуға басады, көрместей болады. Осы кезде жігіт жағынан жігіт әкесі бас болып «елшілер» келіп, құдаларының «аяғына жығылады», яғни кешірім өтінеді, бітім сұрайды. Оның аяғы татулыққа ұласады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
07.11.2024 10:34
05.11.2024 19:53
03.11.2024 14:51
16.09.2024 12:34
12.09.2024 14:40
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
Сара
Үндістер солай жасайды емес па?