Адалдық... Осынау қасиетті де ауқымды ұғымның адам баласы үшін алар орны, атқарар қызметі орасан зор. Тек орнымен қолдан, қасиетті сөздің қадіріне жете біл! Сонда ғана бұл сөз өзінің қадір-қасиетін жоғалтпай, мәні мен мағынасы арта түсері сөзсіз.
Атам қазақ «ардың ісі - адалдық» деп бесенеден жоғары бағалағаны айтпаса да белгілі. Ендеше осынау қасиетті ұғым қазірде өз дәрежесінде, өз биігінде самғай алып жүр ме?
Қайдам... Бұған бір-ақ мысал аш қасқырдай жалақтаған жемқорлық деген пәлені қайда қоямыз? Бұл біздің күнделікті өмірімізге баса көктеп кіріп, жаппай қоғамның дертіне айналып бара жатыр ма деп қаламыз. Себебі кез келген жаңалыққа құлақ түрсеңіз еріксіз «пара алыпты», «пара беріпті» деген сөздермен қаласаңызда, қаламасаңызда ұшырасасыз. Ойлап қарасақ, бұл күнделікті әдетке айналып бара жатқан сияқты.
Ай мен күннің аманында, ел ішіндегі тыныштық заманда адам баласының бұлай бұзылуына не жетіспейді екен деп бір сәт ойға шомасыз. Ойлана-ойлана пенденің пендешілдігі шығар деген шешімге еріксіз келесіз. Басқа ақтар себепте жоқ сияқты. Болған үстіне бола түссе деген ашкөздік, байлығымды еселей түссем деген көрсе қызарлық. Бұл - пенденің пендешілдігі емей немене.
Осының бәрін жеңер күш, ұлттық рух – адалдық. Бойымызда осы қасиеттің сәл де болса ұшқыны болса, мұндай пенделікке салынып, бір сәттік дүние үшін өзімізге сеніп тапсырылған халық сеніміне селкеу түсірмес едік.
Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адамдық белгісінің өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады.
Сол себепті де өзім сияқты өсіп келе жатқан еліміздің болашағына үлес қосар жастары осы сөзбен жастайынан танысып, мағынасына терең бойлап өссе екен деп ойлаймын. Бұл сөзді болашақ ұрпаққа тек айтып қана қоймай аға буын іспен дәлелдеп, бүкіл халық болып ұрпағының бойына сіңіре алса, еліміздің ертеңі нұрлы болып, табысы еселене түспек. Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ. Ендеше қоғам дертіне айналған «жемқорлықпен» қоғам болып бірге күресейік! Ел ертеңі - адал ұрпақ!
Ақмола облысы Зеренді ауданы
Исаковка орта мектебінің 11 «А» сынып оқушысы
Неғметжан Зұлқия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі