Өзі өмір сүрген заманның нағыз озық ойлысы, елден ерек туған еңселі ері, қараңғы қазақтың шам шырағы атанған ардақты Абайдан алар тағылым мен түйер ойлар орасан зор. Тыңғылықты тыңдаған мен терең түсінген жанға Абай айтқан асыл сөздер- адасқанда жолына жарық болса, сүрінгенде сүйенер сенімді серігіндей болатыны анық. Абайдың ой- тұжырымдары баршамызға қашанда рухани азық бола алады. Мысалы, жұп- жұмыр жалғыз ғана «Сегізаяқ» өлеңінің өзінде қазіргі кезде белең алып, етек жайған сан түрлі жағымсыз қасиеттерді қатты мінейді. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» деген ойлы- өнегелі сөзі қаншалық қастерлі, көп аузынан түспейтін халық мәтеліне айналып та кетті. Расымен-ақ көзіміз күнде жетіп жүр, еріншектік, масылдық, тойымсыздық, босаңдылықтың адам өмірінің астан- кестеңін шығарып, тіпті түбіне жетіп азғындалатыны өзегімізді өртей түседі. Нәпсі мен дүниеқоңыздық адамды адам санатынан хайуандай жиренішті әрі бишаралық күйге түсіріп жібереді. Ақынның кесек ақыл мен жетік білгірлігі соншалық мұншалық маңызды мәселелер мен түйткілді ойларды орамды тілмен, кестелі сөзбен, аз сөзге көп мағына сыйғыза білдіруі сөз ұққанға мол өнеге. Айтып ауыз жиғыза алмастай, бұдан өзге де ақын қырын жан- жақты дамытып, оқырман көңіліне кереметтей сергектік, әсіресе, жастарға жаңаша серпімділік пен жадына жақсы тұтар тәлім- тәрбие беретін дана ақынның ойлы туындылары есепсіз көп. Аз ғана мысалмен айтпағымды айқын жеткізгім келеді, яғни Абай сөзінің бүгінгі заманымыз үшін көкейкестілігін ақын шығармаларынан анық аңғарамыз. Осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын қараңғы қазақты, қалың елді, қадірлі ұлтын білімділікке, кесел мінездер мен жат әдеттерден аулақ болуға, ғылымға бейіл бұруға шақырған үндеуі, үні, айтқан асыл сөздері естен мәңгі кетпестей қасиетті мұрамыз болып сақталып келеді.
Биыл ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының президенті Қасым- Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абайдың әлемдік деңгейдегі ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға ретінде дәріптей отырып, Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртышылығына кеңінен таныстыру қажет» деген өте керемет жайдың басын ашып берді. Менің ойымша, Абайды әлемнің түпкір- түпкіріне кеңінен таныту үшін әуелі өз елімізде Абайды, оның айтқан, жазған, жырға қосқан шығармаларын білмейтін адам қалмау керек. Абайдың өлеңі дегенде күмілжімей әр қазақ, әрбір жас жалындап тұрып жар салу керек. Нақыл сөздері, қара сөздерін көшелердегі үлкен тақтайларға көрнекті етіп жазып қойсақ, керексіз жарнамалардан жақсы болар еді деп ойлаймын. Қытай дегенде- Конфуцийді бәрі таниды, себебі олар үнемі Конфуций жазып қалдырған үлгілі сөздерді еш ұмытпай, қашанда айтып жүреді және сондай қағидалармен күн кешеді. Әрине, меніңше, жақсы ұстанымға Абай айтқан сөздерді үнемі ерекше айтып жүруді қоссақ. Сосын жамандықтан жиреніп, жақсылыққа қадам басып, бес нәрседен қашық болып, бес нәрсеге асық болып тамаша тағылымды өмір сүрсек, барша әлем де бізден үлгі- өнеге алады, Абайдай асылды олар да ардақтап, қадір- қасиетін одан сайын шарықтата түсіретініне кәміл сенімдімін. Осындай қағидаттарды қазірден және тал бесіктен балаға да, жасқа да, қазыналы қартқа да айта түсіп, айшықты, өнегелі, үлгілі бола білуіміз керек.
Мен де Абайды танытуда өз үлесімді қосқым келеді. Бастамасын өз өлкемнен, өз ортамнан, қарапайым мектебімнен, сыныптастарым мен достарымның арасынан бастамақ ниеттімін. Әуелі Абай өлеңдерін, қара сөздерін жаттап, жатқа оқып қана қоймай, астарын аңғарып, үлгілі- өнегелі ой түйсем, түйсінген әрбір ойым мен алған тағылымды тәрбиемді тақырыптарға бөліп күнделік жазсам, кейін әлеуметтік желіде көп оқырмандарыма ой саларлық посттар жазып, көпшілікке Абай айтқан сөздерді кеңінен таратсам деймін.
Қорытындылай келгенде, менің ойымша, Абай әлемі- өте шұғылалы, сәулесі жолымызға жарық, білім қуған балаларға бағыт берер бағамы бөлек мекен деймін. Сол нұрлы әлемге, яғни биік білімге біздер мақсатты қадам басайық дегім келеді.
Еспембет Қамарсұлу
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Uku3
Өте жақсы жазған кереметтей әсер етті!
Eldosik
Supee керемет жазылган
Гулсана Райымбекова
Сәттілік. Өте жақсы жазған. Керемет❤❤❤
GulnarShamshatova
Жарайсың! Сәттілік тілеймін саған, тамаша жазылған ээсе екен!!!
Aidona
Молодец ! Қандай кущты жазған. Өте тамаша ой түйдім. Ракмеет
Myrza
Өте керемет
Мариям Төретай
Керемет жазған!! Нағыз қыл қалам шебері. Өзіндік ойы, стиль бар. Қазіргі ғасырмен Абайды біріктіріп шындықты көрсете білген.
Ali6
Ерекше мақала екен. Мен толық оқып шықтым, қызықты әрі көркем. Абайды атын осылай шығара беру керек! Деп ойлаймын
Aizhan
Өте күшті жазылған екен
Manas
Бәрекелді! Мынандай ойлы сөздерден жақсы нәрсе түсіндім. Адам Абай айтқандай биік білімге ұмтылып, ерынбей жалыкпай оку керек екен. Жақсы өте жақсы дер едым.
Eldosik
Кереме жазылған
Farida98
Қандай қазақи әдемі сөздермен жазған! Жарайсың! Өркенің өссін. Алда да осындай керемет шығармалар туа берсін
Zhambyl
Дұрыс айтқан Абайды қазақтың бренді ету үшін өзімізден бастайық! Мен қазір қара сөздерін жаттап жатырмын. Абай дана ғой қара сөздері өте мағыналы екен! Барине Абайдың қара сөздерін жаттауға кеңес берем
Togzhan
Шығармаңыз өте мағыналы екен жарайсыз
Атымтай Аружан❤
Өте керемет жазылған екен! Жарайсың!
Zhazira8
Өте ұнады! Сәттілік! Жақсы жазылған. Табыс тілеймін!
Анель
Өте жақсы жазылған!
Шымырқұл Перизат
Мына сөздер жүрекке жетіп отыр. Әр сөйлемнен әр нәрсені ұғынып қаласың. Сізге шығармашылық шабыт тілеймін! Сәттілік серік болсын
Umit
Өте керемет жазылған
Asylzhan
Өте керемет жазылған!
Раушан Баканова
Керемет шабытың шыңдала берсін! Жарайсың!!!
aigulmyrzabekova
Эссе мазмұны жақсы, тақырыбы ашылған, Абай жайында түйген ой тамаша. Өте керемет жұмыс. Жарайсың, Қамар!
Nurila_1973
Эссе өте жақсы жазылған екен, Қамарсұлудай ұлыларды ұлықтайтын жастар тұрғанда Абай мұрасы мәңгі өшпейді деп сенеміз.
Шугыла
Жалпы Абай атамызды білмейтін қазақ кем де кем шығар, сірә. Қамарсұлу сіңіліміз де Абай атамыздың жан-жакты қырын кереметтей сөз өрнектерімен жеткізе білген екен. Жүректен шыққан сөздері жүрекке жетті...
Алтынай
Мазмұны өте жақсы жазылған. Сәттілік тілеймін. Жарайсың, Қамар! Осындай мағыналы шығармаларың көп болсын! Табыс тілеймін!
Нагима
Талабың оң болсын! Биіктен көріне бер
Алтынай
Мазмұны өте жақсы жазылған. Сәттілік,Қамар! Табыс тілеймін!
Таңатқанова Жансая
Өте жинақы ойы тиянақты жазылған керемет
Dinmuhammed
Шыгарма оте керемет жазылган. Соз шеберлыгы корынып тур. Тек кана саттилик тилеймын!
tokzhuma@inbox.ru
Керемет өте әсерлі
Aruzhan
Автор өте керемет жазыпты. Тіл байлығына ел қызығатындай екен.
faridazhanabaeva
Aknur
Өте шебер жазылған,мазмұны жақсы ашылған деген ойдамын.Сәттілік тілеймін❤️
Жанат
Өте жақсы жазылған! Керемет!❤
Zhannat
Керемет дүние керемет тұлғаға арналған.
Zhibek
Өте жоғары сапада жазылған ☝
Мадина
Эссе жақсы жазылған Керемет! Жарайсың
Асылбек
Жарайсың! Өркенің өссін! Осындай ойлы шығармалар жазып, қаламың ұштала Берсін
Бағымкүл
Қамарсұлу Еспенбет, шығармаңыз өте əсерлі, шынайы жазылған
Салима
Тамаша !!! Эссені жүрекке жеткізіп әдемі жазғансыз.
Қарлығаш
Вау, керемет жазған екен