«ҰБТ - (Ұлттық Бірыңғай Тесттілеу) - жоғарғы оқу орынына, үлкен белестерге деген алғашқы қадам және шешуші сәт болмақ» - дейтіндер өте көп. Бірақ, өмір мұнымен тоқтап қалмайды. Бұл ҰБТ-дан сүрінгенмен, бәрібір сіздің өміріңіз әлі алда, тағдыр сіздің әлі де шыңдалғаныңызды қалайды, сіздің сәл кідіріп, бітпеген істер болса, соны аяқтағаныңызды немесе сізге берілген сынақ деп түсініңіз. Алайда кейбіреу бар: «Мен ҰБТ-дан құлап қалдым, енді барар жерім, басар тауым жоқ» десе, кейбірі: «Мен неге өте алмадым, мен не істеп қойдым сонша?»,-деп,абдырап, не істерін білмей қалса, енді біреуі: «Амал-нешік,осылай боларын білгем, ауылда қалам, ары қарай не болады екен?»,-деп, өмірге қол сілтей салатындары да бар. Енді біреуі өштеніп, ашуланып қызбалыққа салынады.Тіпті кейбір адамдар болады, әрбір жайтқа немқұрайлылықпен қарайды. Ең сорақысы, осы бір ҰБТ-ға жүректері шыдамай, өмірден түңіліп, қайғырып, өзіне-өзі қол жұмсайтындары да бар. Бұл айтқаным, қазіргі кезде көп белең алатын жағдайлардың бірі болып тұр.
«Керек емес бұл өмірге жылағаның,
Қайғырғаның, сүрініп-құлағаның.
Шыдау керек, төзу керек бұл күнге,
Келмейді ғой әркез сенің сұрағаның.
Не болды саған, сынды ма сағың?
Ойлайсың іштей: «Ашылмай бағым»,
Қателесесің, кеш емес әлі
Тезірек берілме, сынбасын сағың»-дей келе, менің жалпылама айтарым:«Өмір осы бір ҰБТ-ға қарап қалған жоқ, әлі де сіздің мүмкіндігіңіз бар, әлі де кеш емес, тек тез берілмеңіз. Өмірге тез берілгендердің жағдайы қандай екені бәріне мәлім. Сол себепті ойланыңыз, егер де сіз енді ғана ҰБТ-ны тапсырайын деп отырсаңыз, сізде әлі де уақыт болса, уақытты текке жіберіп алмаңыз. Сіздің әлі де көп мүмкіндігіңіз бар. Өз-өзіңізге сенім білдіріңіз, жүрегіңізді тыныштандырыңыз.
Көтер қане басыңды,еңсеңді көтер,
Өз-өзіңді жазғырма,ол күн де өтер.
Тағдыр деген толастамас ағын судай,
Бір мезетте өзіңменен алып кетер.
Мейлі төнсін басыңа қауіп-қатер,
Бәлкім саған сынағың қатал жетер.
Өмірден безіп,таусылып тағатың,
Ушығып кетер жағдай бұдан-бетер.
«Мен өз-өзіме сенімдімін, мен түбінде не болса да барлық қиындықты жеңіп шығамын»,-деп үміттеніп жігерленіңіз.ҰБТ-ден ең жоғарғы ұпай жинап жатқандар да бар. Олар да адам, сіз де адамсыз, адам бәрін жасай алады. Сіздің де қолыңыздан келеді, сіздің де биік шыңды бағындыруыңызға болады.Тек білесіз бе, сізге ой-көңілді қуаттандырып, өзіңізге сенім күшін ұялатыңыз. Ақырында сіздің берік сеніміңіз, терең ойыңыз шындыққа ұласады. Сіз: «Мен ҰБТ-ден жоғарғы ұпай аламын», - деп өз-өзіңізді сендіріңіз және сіз осыдан кейін құр сеніммен қалмағаныңыз жөн, шын ниетіңізбен, дайындалуға тырысыңыз. Мамандығыңызға сай дайындық жүргізесіз, тер төгу керек,еңбектеніңіз. «Еңбек бәрін жеңбек» дейді, «Еңбек етсең ерінбей,тояды қарының тіленбей» деген де бар.Сондықтан еңбектеніңіз,ізденіңіз,барынша дайындық үстінде болыңыз. Айтпақшы, мамандық таңдау,бұл туралы ойлансаңыз, шын көңілмен қараған, жүрегіңіз қалаған мамандық болсын. Бұл да басты мәселе,осыған сай дағдыланыңыз, мейлінше ертерек қамданған жөн деп санаймын.Ал,енді көптен күткен ҰБТ да келіп қалды. Сіздің ойыңызға неше түрлі нәрселер келіп жатыр.Бір күн қалғанда тіпті,сіз толқып, қорқып, сасқалақтай бастауыңыз мүмкін, мұндай жағдайда терең тыныстап, еш уайымдамай ойыңыздан артық заттың бәрін алып тастаңыз, осы күнге дейінгі шыңдалғаныңыз дайындығыңыздың нәтижесін береді. Ал, енді ҰБТ-ға бір күн қалғанда өзіңізге демалыс жариялаңыз. Барынша ертерек жатыңыз, ұйқыңыз қанып сонда сіздің ҰБТ-ға барғанда миыңыздың тынығып, бәрін тез қабылдағанын байқайсыз.Тағы бір айта кететін жайт: қатты толқымаңыз,толғанбаңыз, «телефон мен ғаламтор көмегіне жүгінем бе немесе маған біреу көмектесе ме екен?»-деген ойдан қашық болыңыз. Тек өзіңізге сеніңіз, басқа нәрсеге назар аудармаңыз.Сонда ғана сіз шынайы жетістігіңіз, білім деңгейіңізді байқайсыз және осыған сай өмірден өз орныңызды табасыз.Тағы да айтам: ҰБТ-дан құлаған болсаңыз, сізге түңіліп, қайғырудың қажеті жоқ,мұнымен бәрі бітпейді. Өміріңіз әлі алда,сізді бәлкім сынап жатқан болар,сынақтан сүрінбеңіз, керісінше аяғыңыздан нық тұрып, қиындыққа қарсы шығып қажырлылық танытыңыз, алға қарай ұмтылыңыз. Еңсеңізді көтеріп, жігерленіңіз, сонда ғана сөз жоқ,алға қойған мақсатыңызға қол жеткізетініңізге мен сенімдімін!
Жігерлендір ой-көңілді қалай да?!
Қуаттансаң көнбеске қалмас солай ма?
Өз-өзіңді қолға алмасаң егер де
Тіріліп денең, бойыңа қан тарай ма?
Өмір ғой қайтесің, бәрі орын алар,
Төзбесең тағдырға егер, сорың болар.
Мақсат қойсаң, талпынсаң әркез алға,
Сонда ғана арманың орындалар!
Авторы: Алдахов Қадіржан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Дастан
қабылдау 25 не дейін ғой