Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
Абай Құнанбаев
«Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы»,- дегендей кітапта тұнған білім, ал білім сенің өмірің. Сен бұл дүниеде білімсіз жүре алмайсың. «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні кәріп» дегендей, надан, білімсіз көр соқыр болсаң көрер күнің қараң. Ал,сенде білім болуы үшін,саған кітап көмектеседі. Кітап - дүниенің есігі. Кітап - асыл қазына, баға жетпес көркемсөз өнері. Кітап ішінде мол дүниесі бар, әдеби берер тәрбиесі, өнегесі мол зат. Кітап бізге ауадай қажет. Себебі, бұл дүниеде болып жатқан жағдайдың бәрі кітапта бар. Кітап - білімнің қайнар көзі, ал білім өміріңнің мәні деп тұжырымдағып келіп тұр.
Кітаппен ел жанданар,
Біліммен ой толғанар.
Кітапты сүйіп оқыса,
Білім нәріне оранар! - дегендей, білімді болу үшін кітап керек болғанымен, сен кітапты оқи білуің керек және түсіне білуің ,оның мәнін терең ұғынуың өте маңызды. Кітап дегенде есімізге не елестейді?..
Біз, кітап дегенде, көз алдымызға күнделікті көріп жүрген парақ беті мен әрбір бетте қара сия тамған әріптер мен сөздер елестейді. Бұл біз оқып жүрген сөздердің өзінен мәтін құралады, содан келіп, әңгіме, өлең – жыр, шығармалар туындайды. Бұл әрбір туындының өзінің жеке авторы: ақыны, жазушысы болады емес пе?
Ал, олар қандай білімді, әдеби тілді өте терең, жетік меңгерген. Біз де осылай үйренуімізге болады. Ол үшін кітап тағы да көмекке келеді. Әрбір адам зейінін кітапқа аударса және «мен бәрін үйренем!» деген алға қойған талабы мен мақсаты болса ғана білімнің шыңына жете алатынына сенімдімін. Қазіргі кезде не жоқтың бәрі бар. Қазір шет тілдерінде : яғни өзге тілде жазылған кітаптар да бар. Бізге ең негізгі үш тіл: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдерін меңгеруімізге жағдай жасалған, арнайы кітаптардың саны жетерлік. Бұл заманда арнайы кітапханадан әдеби кітап алып, оқып жүрген оқушыларды да, ересек адамдарды да көрмейміз. Халқымыздың әдеби мұрасы сөрелерде шаң басып, жетімсіреп тұр.
Біздің қазақ, Кеңес үкіметі кезеңінде, оның алдыңғы жылдарында да надандықтан көз ашпаған кездер еді. Қазақтың бәрі дерлік білімсіз болатын. Соның кесірінен біздің ел әрбір істі сауатсыздықтан,білімі жоқтықтықтан білмей жасаған істері өте көп болатын. Мысалы: 1 самаурын үшін 20-30 шақты қойын беретін болған. Бұның өзі білімнің қандай деңгейде болғанын дәлелдейді. Осы барлық қазақ халқын надандықтан құтқару үшін қазақ зиялылары, көкірегі ояу, көзі ашық білімді адамдарымыз, қаншамасы осы жолда қаза тапты, абақтыға отырды, осы жолда бүкіл ғұмырын сарп еткен жоқ па?!
Жанын қиған халқы үшін,
Осы жолда жігер-күшін.
Сарп еткен, бір ұранмен,
Бәрі де, қазақ үшін!
- дегендей,оның бәрін айта берсек көп. Мысалға: Ыбырай Алтынсарин- қазақтар оқысын, көзін ашсын, - деп, мектеп салдыртты, кітап жазып шығарды. Абай Құнанбаев - оқу-білімге шақырып жазған қаншама өлең – кітаптары бізге жетті. Міржақып Дулатов - қазағым алдыңғы қатарда жүрсінші деп, «Оян қазақ» кітабын жарыққа шығарды емес пе?
Мен өзім ақын, жазушылырдың өлеңдерін, әдеби шығармаларын сүйіп оқимын. Әсіресе Абай, Шәкәрім шығармаларын. Жанымнан өлең шығарып, шығарма жазатыным да бар. Кітап- біздің байлығымыз, бай мұрамыз! Барымызды бағалайық, құрметтейік! Менің айтарым, кітаптың өмірден алатын орны ерекше,тәрбиелік мәні орасан зор!
Жамандық әр кез тоздырар,
Құр ойын адамды аздырар.
Бәрінен де ең жақсы,
Кітап пен білім оздырар!
Кітабым қалмасын ешқашан!
Оқырман болсын әрқашан,
Кітабым менің көп болсын!
Бұл ғаламда,
Бұл әлемде,
Білімсіздік жоқ болсын!
Қадіржан Алдахов
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі