Байқаудың мақсаты – қазақ тілін заманауи талаптарға сай оқытатын кәсіби мамандардың еңбегін дәріптеу, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оқыту үдерісіндегі үздік тәжірибелерді кеңінен тарату. Байқау аясында қатысушылар өздерінің әдістемелік ізденістері мен шығармашылық жетістіктерін ортаға салып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Үздік деп танылған жұмыстар кейін ғылыми-әдістемелік басылымдарда жарық көріп, өзге әріптестеріне үлгі ретінде ұсынылады.
Байқауға барлық білім беру деңгейлері бойынша қазақ тілінің оқытушылары мен мұғалімдері қатысты.
Байқауға барлығы 44 өтінім келіп түсті. 21 өтінім мүлде жарамсыз деп танылды. Себебі бұл қатысушылардан 2 өтінім өзге өңірлерден келсе, 19 қатысушыдан өтінім ғана келген. 1-2-кезең бойынша 23 жұмыс қаралды.
Байқауға қатысушылар үш шарт бойынша бақ сынасты. 1, 2-кезең аясында жұмыстарды қабылдау 30 қыркүйекте аяқталды. Байқаудың алғашқы кезеңінде қатысушылар қазақ тілі пәнінен бір тақырыпты өз қалауынша таңдай отырып, қысқа видеоролик, reels, инфографика, анимация, сторителлинг, lifehack, mini-sketch немесе өзге де тың, креативті форматта ұсынды. Бұл материалдар TikTok және Instagram желілерінде #ҚТҮОАлматы2025 хэштегімен жарық көрді. Бұл бөлім оқытушының заманауи технологияны қаншалықты еркін меңгергенін, білім беру үдерісін креативті тұрғыда ұйымдастыра алатынын көрсететін кезең болды. Байқаудың екінші кезеңінде қатысушылар өздері әзірлеген қазақ тілін оқытуға арналған оқу құралы, авторлық нұсқаулық, жұмыс дәптері сияқты т.б әдістемелік өнімдерін ұсынды.
Бағалауға сәйкес 10 қатысушы үшінші кезеңге өтті. Қазылар әр шарттың талабына сәйкес оқытушыларды бағалады. Сәйкесінше бірінші шарт бойынша сабақтың мақсаты, видеосабақтың тілі, әдістемесі, видеоның сапасы, сабақтың нәтижесі бағаланса, екінші шарт бойынша проблемаға негізделуі, материалдың жүйелілігі, мазмұндылығы, әдістемесі, тіл тазалығы мен стилистикасы бағаланды. Үшінші шарт бойынша мәселені дұрыс түсінуі, ұтымды шешім ұсынуы, кәсіби этиканы ұстануы, ойды сауатты жеткізуі негізгі алынды.
15 қазан күні өткен шешуші кезеңді қазылар алқасы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Ермекова Тыныштық, педагог-шебер Шатемірқызы Ақмарал, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының аға оқытушысы Ибраева Жанар, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Қалымбет Бақыт, Мемлекеттік тілді дамыту институтының әдіскері Қамбарова Бекзат бағалады. Үшінші кезеңде қатысушыларға арнайы педагогикалық ситуациялар мен кейс-сұрақтар ұсынылды. Бұл кезеңде оқытушының мәселені шешу шеберлігі, педагогикалық тұрғыдан дұрыс шешім қабылдай алу қабілеті, кәсіби рефлексиясы мен құндылықтық бағдарлары бағаланды. Қатысушылар бұл кезеңде өздерінің білімдерін, ой-өрісін және шығармашылық қабілеттерін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Байқау жеңімпаздары 21 қарашада Алматы қаласы әкімі аппараты ұйымдастыруымен өткен «Мемлекеттік тіл мәселелері» атты жиында марапатталды. Нәтижесінде «Живая Вселенная» Эко мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абу Акбота Біржанқызы, ІІ орын №92 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айман Арайлым Икрамқызына бұйырды. І орынды Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аға оқытушысы Сатбекова Айгүл Ахметқызы, бас жүлдені №55 ЖББМ-тің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сексенбаева Арайым Алпысбайқызы қанжығасына байлады. Сонымен қатар ALT педагогоикалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шамшадинқызы Ақнұр «Креативті ұстаз» номинациясымен, №206 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қайназарова Жұлдыз Есімханқызы «Шығармашыл ұстаз» номинациясымен, №45 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Амангелдиева Арайлым Тілеубайқызы «Жаңашыл ұстаз» номинациясымен марапатталды. ШЖҚ М. Мақатаев атындағы №140 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әбдіманап Дана Қанатқызы, №22ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қадирова Айгуль Байбөріқызы, №178 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Женсікбаева Назигүл Бақытқызы ынталандырумен марапатталды.
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі