Өмірдегі менің алып қорғаным,
Тәрбиеңмен жаман адам болмадым.
Әр күн сайын мені баптап өсірдің,
Қиындыққа ешқашан да солмадым.
Өзіңсің ғой жалғыз ғана тірегім,
Алладан мен амандығыңды тіледім.
Әке–менің асқар тауым өзіңсің,
Саяңда мен еш уайымсыз жүремін.
Сен бар болсаң кеңейеді тынысым,
Арта түсед бойымдағы бар күшім.
Әлемдегі ең керемет мен үшін–
«Қарашығым» дегендегі дыбысың.
Әке,мен сені теңеймін толған айға,
Қараңғыда жарқырайды бар айнала.
Қиындыққа тап болғанда мен әр кез,
Сенің сөзің келеді бірден ойға.
Сондай кезде тіктеп алам бойымды,
Айналамнан жасырамын ойымды.
Мен бәрі-бір ең биікке жетем дейім,
Аш қасқырдай іздегендей қойымды.
Бөрі болып іздей берем қойымды,
Білімге мен болғым келмейд тойымды.
Осылайша атыңды шығарамын,
Жеңіс дәмі жаулап алды ойымды.
Ақ қағазды алдым мен бір шимайлап,
Жүрегімнің түбіне кеттім бойлап.
Айтылмаған мың сөзім ойға оралып,
Шабытыммен өлең жаздым сені ойлап.
Сөз таппасам сезімімді жеткізер,
Жүрегімнің лүпілі өзі-ақ білдірер.
Аллаһ саған берсе екен ұзақ ғұмыр,
Қызыңмен уақытты бірге өткізер.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі