«Ана, мама» сөзінің кереметтілігін ешкім түсіне бермейді. Ол сөзге ие болуға кез –келген әйел адамның қолынан келмейді. Неге дейсізбе?
Мен ес білгеннен балалар үйінде болдым. Қазір мен үйдемін. Менің анам, әкем бар. Мен отбасындамын. Ағам екеуміз балалар үйінде болғанда ата-анамыздың болғанын қатты қалайтынбыз. Міне, сол тілегімздің орындалғанына 4 жыл болды.
АНА. Ол керемет жан. Анам бізді құшақтап иіскегенді жақсы көреді. Барлығы анамды жас дейді. Ол кісінің жасы бізді алғанда жиырма алтыда ғана болған. «Біз өскен сайын бізбен өскендей боламын», - дейді анашым. Ол кісінің қолы бізге мамықтай көрінеді. Анашымның даусы таңғы құстардың әніндей, ал оның шашының иісі таудан аққан судың иісіндей ерекше.
Анашым ертегідегі ханшайымдар секілді. Ертегі әлемінде жүрген періште секілді. Таң атқанымен тырпылдап біз үшін ас даярлап, бізді нәзік даусымен оятып, жұмысына асығады. Анашым- біздің өмірлік ұстазымыз. Ол - бізге ғана емес барлық мектептегі оқушыларға да ұстаз. Ол – мұғалім. Барлық балалар менің анашымды жақсы көреді. Анашымды барлығы құшақтауға асығады, кейде менің іштегі қызғанышым оянып кетеді.
Әкеміз анашымды «Алланың берген мақтауы» дейді. Сол мақтауды ешқашан жоғалтпай құрметтей білуіміз керек дейді. Ол құрметтің белгісі әкеміздің де анамызды қатты құрметтеуі. Жақында тағыда отбасымыз толықты. Өзіміз сияқты тағы бір баланы отбасымызға алдық. Маған осы кезде ұнағаны анамыз бен әкеміздің бізбен ақылдаса отырып шешім қабылдағаны. Анам әр кез бізге ақылдасуды, ақыл сұрауды үйретеді. Ол сұрағанның ұяты жоқ дейді. Анашымның осы сөздерін ойлай отыра мен анамды ұлы қазақ ақыны Абай атамыздай елестетіп санаймын. Анашымыз - біздің ғұламамыз.
Әрине біздің де анамызды көп ренжетін кездеріміз болады. Анашым ренжеген кезде «менің жүрегім торлы дәптер сияқты, сіздер мені ренжеткен сайын ол боялып, жақсы көруге орын қалмай қалады. Ал сіздер мені қуантқан сайын әр боялған тордың орны өшіріледі»,-дейді. Сондықтан анамыздың жүрегіне дақ түспеуі үшін мен және менің ағатайларым анамызды әр қашан қуантамыз деп уәделестік. Сол уәдемізге жылдар өткен сайында тұратын боламыз. Себебі анамызды қуанту арқылы біз тек өзімізге ғана емес, басқада бұрынғы біз сияқты мөлдіреген көздері бар балаларға жүрегі кең ашылып, барлығыда аналы болуын қалаймыз.
Осыны оқып отырсаңыз анашым, біз сізді жақсы көреміз. Сіз біздің әлемімімздің жарығысыз. Ал осы жүрекжарды эссемді оқып отырған оқырмандарыма аналарыңызды сыйлаңыздар. Ол - алланың сізге берген сыйының, мақтауының ең негізі.
Жарқыраған күніміз сен –ана,
Жұлдызы мол түніміз сен –ана,
Өмірдің мәніменен қызығы сен –ана.

Бакытты балалык шак насип етсин
Өте әсерлі ,жақсы жазған екен .Жарайсын !Сәттілік!
Керемет періште.. Анаңыз аман юолсын. Осындай жақсы адамдар көп болсын
Аналар әрқашанда аман болсын .
Анаға ешкім де тең келмейді .Ананын орыны ерекше ғой .Аналар аман болсын!
Өте керемет. Аналарыңды барынша ренжітпеуге тырысыңдар
Қандай тамаша жазылған эссе! Махаббат қа жүрегі тұнып тұрған анасының тәрбиелеген баласы жазған екен. Бақытты отбасылық тәрбиенің маңызы зор! Сәттілік! Жеңіске жетуге тілектеспін!
Әте жақсы жазылған екен .Аналар аман болсын! Ананын орны ерекше ғой. Бір қолымен бесікті ,бір қолымен әлемді тербеткен Аналарға ешкім де тең келмейді.
Өте жақсы жазылған.
Керемет!Ана аман болсын! Өзіңе тек жеңіс,сəттілік тілеймін!
Өте керемет
Жан
Сенің анаң нағыз батыр ана. Анаң мен әкеңе ұзақ ғұмыр тілеймін.
Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді демекші, эссе жүрек тебірентерлік екен. Өте жақсы жазылған. Өмірде жолың ақ болсын.
Да керемет сенин анан, батыр АНА! Журеги кен аркашан танитын танымайтын адамнын барине комегин аямайды. Тәжірибесімен де болисип отыратын кең пейілди назик жан. Дауысын адеми кустын адеми дауысына керемет тенеу тапкан! Отбасылык бакыт тилеймин балапан! Ар бала бакытты болуга лайык
Керемет жазылған жүрекжарды лебізіңе риза боп қалдық ,анаңды құрметтеген жүрегіңнен айналдым
Кызыннын "Арасында жазган хатын" окып отырып анасы бар адамдар ешкашан картаймайды деген олен жолдары еске тусти, алансыз сауык сайран салып журемиз,биз бугин акелердин аркасында деген тагы олен жолдары бар.Оте керемет жазылган ойлар, саттилик
Керемет эссе!Еріксіз көзге жас келеді!Недеген ақылды, алтын қыз!Анаң 100 жасасын!
Керемет! Анадан артық, анадан қымбат ешкім де, еш нәрседе жоқ
Өте керемет! Жарайсың! Сəттілік!
керемет балапан.өнерің өрге жүзсін.анаңды барыңда қадірлей біл.ата анаң қос қанатың.бір қанатыңнан айырылсан көкке самғап ұша алмайсын.сондықтан да қос қанатың, анаң мен әкең аман болсын ботақан.
Анаңыздың өмірі ұзақ болсын
Сенин анан оте керемет жан. Саттилик бакытты бол
Баласының анасына білдірген лебіздері,теңеулері керемет,аналар аман болсын!
Анаңа деген құрметіңді керемет жеткізгенсің. Аман бол. Ата анаңның үмітін ақтайтын азаматша бол. Анаңды бізде құрметтеймі. Отбасы бақытын тілеймін. Қаламың ұштала берсін.
Жарайсың!
Осындай балапаны бар Жанка да баққытты деп ойлаймын!
Керемет сөздер жүректі тебірентетін.Сендей баласы бар анада бақытты.Аналар мәңгі жасасын.Анаңды барында қадірлей білгін.Талантыңа нұр жаусын
Эссе оте керемет жазылган. «Алтыннын колда барда кадири жок» дегендей бар асылдарынды колдай , кадирлей билиндер, ботакан
Қандай керемет.Ата-аналарымыз аман болсын.
Керемет!!! Өмірдегі ең қымбат, ең асыл жан - ол Ана! Анаңыз әрқашан аман болсын!
Жарайсың, жаным!!! Керемет!!!!
Эссе керемет жазылган. Ата- ананды кадирлей бил, ботакан!
Өте керемет.Өркенің өсе берсін,арманыңа жете бер.Ата-анаң аман болсын
Анан керемет тұлға. Сен бақытты баласын, осындай жанұяның болғанына.
Керемеееет! Арманына жет!
Қызым, Кариногым. Жүрегіңнен айналдым. Папаң екеуміз сендерді қатты жақсы көреміз. Сенің үлкен азамат болуыңды тілейміз, бар күшімізді де саламыз. Қызғаншақ жүрегіңнен айналдым. Мамаңды осы сөздеріңмен жылаттың ғой періштем.
Керемет. Өнерің өрлей берсін. Сенің анаңдай адам кемде-кем. Тіпті жоқтың қасы. Аналарымыз аман болсын!
Керемет! Өте əсерлі. Аналарымыз аман болсын.
Аналар жазасын!өте керемет жазылған
Өте жақсы жазылған анаң мактауга турарлык өте әсерлі армандарың орындалсын
Өте жақсы жазылған және әсерлі
Жарайсың
Əсерлі жазылған. Ата-анаңның мақтанышы бол, талабыңа нұр жаусын
Ойы ұшқыр,жүрегі жұмсақ ,жаны нәзік Аяулымның жазған жұмысы кез келген адамды ойға қалдыратындай әсерлі шыққан,тамаша,шынында сенің анаң көпшілікке қол үшін беруден шаршамайтын керемет жан ,аллаһ ұзақ ғұмыр беріп сендердің қызықтарыңды көрсін деп тілейді химик апайлар..
Айналайын ана деп шыр шыр еткен журегиннен айналайын! Маманнын колканаты бол жаным
Тамаша эссе екен. Ана деген үлкен ұғым....анамыздың құрметтейік
Карина қызым, айналайын, сенің эссеңді оқып отырып қатты толқыдым, саған риза болдым. Анаң туралы сезіміңді, анаңа деген махаббатыңды, оған деген ризашылығың мен алғысыңды періште перзенттік жүрегіңмен қағаз бетіне түсіріпсің. Эсседен сенің анаң жер бетіндегі "АНА" деген барлық қасиетті ұғымды бойына жинаған жəне басқа аналарда бола бермейтін "ҮЛКЕН МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕКТІ АНА" екенін білдім.
Карина, сен де анаңдай достарың, ата-анаң, мектебің мақтан етер қазағымның қызы боларыңа сенімдімін. Талабың таси берсін, жолың ашық, жұлдызың жоғарыда жарқырасын!!!
Тамаша! Анана деген махаббатын тогiлiп тур. Бакыттарын ортаймасын, ата-аналарын аман болсын! Саттiлiк!
Аналарымыз аман болсын. Тамаша эссе.
Аналарымыз аман болсын.Тамаша эссе. Қаламың ұштала берсін.
Қандай керемет эссе. Шын жүрекпен жазылған. Айналайын, кішкентай жүрегіңде тек қуанышты күндер болсын деп тілеймін. Жарайсың!
Ананың қадірін түсінген, сыйлай білген баланың жолы ашық болады. Алла жолыңды ашық етіп, армандарың орындалсын. Жарайсың !
Жарайсың!
Өте əсерлі,жүрекке жылы,тартымды жазылған.Бақыттты отбасың жайлы,аман болсын.Армандар орындалады,биікке жетелей берсін.!
Жүрегі кең, жаны жайсаң АНАҢ аман болсын, балапан!
Керемет жазылган ананда өзіңде бақытты болуға лайықсыздар
Жанна
Керемет. Бакытка ие болалмаган периштени бакытты етип тарбилеп отырган сизге калай мактанбасын.
Жарайсын! Ана бакытын сыйлап отырган анана мын алгыс!!!
Жарайсың. Бақытты қыз бол көкем. Бауырларың папаң анашың аман болсын . Сенің анаң өте білімді ақылды қамқор жан. Осындайда анасы бар сен бақыттысың қызым
Не деген əсерлі əңгіме,анаңның жылуына бөленіп жүре бер!Анаң да отбасың да аман болсын!СƏТТІЛІК!!!
Сенің АНАҢ күшті адам! Мықты химик! Отбасың аман болсын!
Жарайсың! Керемет эссе!
Мамалы болғаныңа қуанамын. Бақытты бол
Өте әсерлі, шынайы әңгіме.. Тілің жатық, жазарың көп болсын деп тіледім ботақан. Жүрегіңнен айналдым.
Алланың сыйысыңдар сендер, ботақандар. Ал анашың мен әкетайларың құдды періштелер екен. Аллахтағалам екі дүние бақытын нәсіп еткей анашыңа..
Сағыныш пен махаббатқа, жылылық пен шапаеатқа, адалдыққа толы жүрегіңнен айналдым. Аялы алақанын иіскеп келе жатқан анаң аман болғай..
Отбастарың иман жүзді екен.. Өмір бейне бір талас, тартыс, арпалыстан тұратын- ринг секілді. Сол рингтің раунды тек жақсылықтар мен қуаныштарға толы болсын. Анаң абыройлы болса, ол сендердің мәңгілікке азықтарың болады. Оған өмір куә. Адал, иман жүзді аналар куә. Қуаныштан "Біз бақытты отбасымыз", " Менің анам осындай.. " деп жазып отырған жүректеріңе Алла нұрын төге берсін.
Қатты қуандым. Өмірде дәл сенің анаңдай шынайы, адал, Аллаға да адамға да көзі түзу адам барына.
Аллаға шүкір
журектен шыккан эссе
Ананың махаббатына ерекше мән берген балапанның жүрегінен айналайын.Анан аман болсын кұлыным!