Қазақ ұлтының қырық жаны бар екен... Мектеп сынды мекеннен білім алып жүрген оқушы деген атым бар, өз елімнің тарихи шежіресін білмесем, Тұңғыш Президенттің елі үшін жасаған ерен еңбегін білмесем, еңселі Елордамыздың жеткен жетістігін білмесем, біз үшін үлкен сын болады деп пайымдаймын. Ендеше, ұлтымыздың ұлы шежірелерін дәлел ретінде қолданып, қиялыма ерік берейін, қиял емес-ау, ішкі толғанысым болсын.
Иә, қиындығы мен қасіреті көп болған елдің, осы кезге дейін халқын Нұрсұлтандай данышпан басқарған өр халықтың ұрпағымын. Мен халқымның төзімділігі мен табандылығына қайранмын. Сұмдық аштық пен қайыршылықты, жаугершілікті, жойқын соғысты, қантөгісті, қанды оқиғалардың куәгері болды. Небір зобалаң заманды бастан кешкен қазақ халқы осы күнге де жетті. Ауыр күнді артымызға тастадық.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп, Н.Ә.Назарбаев Тұңғыш Президент болды. Менің ойымша, ол өжеттік танытты. Қиын сәтте қиындықтан қашпады, туды ұстап тура жолға түсті, шалыс қадам баспады. Оған экономикамыздың қарыштап дамуы, әлеуметтік жағдайдың жақсаруы, бастысы, еліміздегі бейбітшілік пен тыныштық куә.
Жақында елді елең еткізген бір оқиға болды. Осы жылдың 2019 жылдың 19 наурыз күні Тұңғыш Президент Қазақстан халқына мәлімдеме жасаған еді. Ол өз үндеуінде қызметтен кететіндігі туралы маңызды шешім қабылдағанын жариялады. Бұл жаңалықты халық күтпеген еді, сол себепті толқыныспен, көңілсіздікпен қарсы алды. Оңай емес, 30 жылдай ел басқарып, халқының қорғаны болған тұңғыш Президенттің өкілеттігін тоқтатуы. Көңіл - күйі түскен адамдардың ішінде мен де бармын, қимай, қапаланып қалдым.
Астананы Тұңғыш Президенттің есімімен өзгерту туралы Президентіміз Қасым -Жомарт Тоқаев жарлық шығарған екен. Бұған халықтың бір бөлігі қол соға қолдап жатса, енді бір бөлігі наразылық білдіруде. Мен бұған түсінбеймін. Кеңес үкіметі кезінде Ленинград, Сталинград деген қалалар болғаны сияқты астанамыздың «Нұрсұлтан» аталса, несі айып, мен қуана қабылдар едім. Тұңғыш Президенттің ерен еңбегін елеуіміз керек қой.
Елорда - еліміздің бас шаһары. Маңызды саяси шешімдер де осы мекенде шешіледі.
Сол Елорданы, қыр даланы гүл далаға айналдырған - Тұңғыш Президент. Қазіргі таңда, Елорда Орталық Азияның жауһарына айналды. Елорда қазақ елінің дамып, тұрмысының жақсарғанының дәлелі.
Тұңғыш Президенттің бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Нұрсұлтан Назарбаев –данышпан, кемеңгер, мықты саясаткер адам. 130-дан көп ұлтты бір шаңырақтың астына біріктері алды. Елеп атап кететініміз, қазақтың көненің көзіндей боп келе жатқан салт-дәстүрін құртпай, оларды жаңғыртты. Кешегі тойлаған 22 Наурыз мейрамының да қазақ даласына оралуы кемеңгер Нұрсұлтан атамыздың еңбегі. Түн ұйқысын төрт бөліп, ойлағыны халқының қамы, елінің болашағы болды. Ол Қазақстанды бар әлемге танытып, дәлелдеп кетті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі