Белгілі журналист Қуандық Шамақайұлы журналистиканың 6 түрлі функциясын көрсетіп кеткенін баршамыз білеміз.Кез келген болашақ журналист осы функцияларға тоқталып отырып терең ойға сүңгіп кететініне түк те күмәнім жоқ. Әрқайсысы өз ойын айтары анық: біреуі бүйтсем, біреуі сүйтсем деп.Журналистика функцияларының әр сатысы қоғамымызбен қандай байланыс орнатуда деген сынды сауалдар түйткілді мәселеге айналып қызу ойталқыға түсері де ақиқат.Осы тұста мені де ойландыратын бір сауал бар.Болашақ журналист болғандықтан ба ат тонымды ала қашып айналып өте алмадым.Мен әсіресе, танымдық функцияға баса назар аудара отырып ,өз ойыммен бөліскім келеді. ЖОО –ның қабырғасында жүрген әрбір болашақ журналист келешекте өз халқының пайдасына қызмет етуді арман етеді.Ел аумағындағы мәселелерді нысанаға ала отырып одан шығу жолын көрсететін немесе қоғамның әлсіз саналатын тұстарын мығымдай түсетін танымдық жобалар жасап жататындары да бар.Қазіргі танымдық жобалар қандай ? көбі осы уақытқа дейін ток –шоу іспеттес үлгіде болып келді .Енді –енді ғана аяқ алыстарын түзеп ел мәселесін шешуге деген құлшыныстары оянып келе жатқандай Дегенмен шикілеу. БАҚ өкілдері замананың дертін таба алмай жүр ме ,әлде адамдар талғамы құбылмалы ма ?Халық талғамы деп қызмет ете берсек балшыққа бата беретін секілдіміз.Адамдар еліктегіш келеді , әсіресе ,біздің Қазекең.қазекең еліктеуді өз өткенімізден бастау кректігін білмей ме ? Таңым бар. Танымдық жобалардың басты мықсаты – халық тәрьбиесі.Мені шыңырау ойға түсірген де осы сауал еді Ұлттық құндылығымызды насихаттайтын жобалар бүгінде тым аз.Телеарналардан анда-санда ғана көруіңіз мүмкін . Дегенмен оның көрермендері аз мөлшерде ғана. Неге десеңіз қазақы қасиетімізді дәріптейтін бағдарламалар тек ортанқол арналарда ғана көрсетіледі.Ел патриоттарының мерейін үстем ететін толыққанды қазақы телеарналар бар еді Ел арна мен Kazakh TV секілді .алайда Ел арнаның өзі даулы мәселеге байланысты бір жабылып барып қайта шаңыоағын көтергенін баршамыз білеміз. Оның халін айтпаса да түсінікті. Ал Kazakh TV рухани жаңғыру бағдарламасы аясында үштілділік саясатын ұстанып кете барды.Ал баспасөзде ше ? Шынымды айсам мен қазақы дәстүр мен ғұрпымызды үлгі етіп көрсететін газет –журнал атауын білмейді екенмін.Қазіргі күні оқырман қауымның қолынан көретініңіз: «Егемен Қазақстан» және оған бас оппозиционер «Жас Алаш» , «Аңыз адам» және оның ағайыны іспеттес «Жұлдыздар отбасы». Оқырманның дені орта жастағылар .Ал қазіргі қазағым дейтін жас ұрпақ ғаламтор беттерінен «қамшы. Kz, massaget.kz сынды сайттарды қарайды ,ал оны ел ағалары біле бермейді. Байқап қарасаңыз ,өзара сабақтастық , үндестік жоқ.
Ал радионың қазіргі күйін айтуға батылым жетпейді.Ащы тисе айып етпесін дегенмен радио қызметкерлері өз хабарларын өздері тыңдау үшін шығаратындай. Қазіргі жастардың көзқарасы бұл.Бала кезде кешкі сағат 21:00 де атамыздың тізесіне отырып алып аяғынан тиын шашатын ғажайып елік туралы ертегі тыңдаушы едік.Атамыз қатқыл түнмен «тыныш» деп қоятын біз міз бақпай отыра беретінбіз. Ал қазір сол ертекші әжейдің есімін де білмейміз. Радио тыңдаған біз сондай болсақ өзгесі қайтсін. Мүмкін радионың соңғы тыңдармандары біздің буын өкілдері шығар. (Таксисттерді қоспағанда!) Сондықтан онда болып-болмай жатқан қазақы нақыштағы бағдарламалардан бейхабармыз.
Бұрынырақта ауылдағы іні-қарындасымызбен теледидардың пультіне таласып жатып «Балапан» телеарнасынан «Алтын қазық» этно-танымдық бағдарламасын көзіміз шалып қалушы еді.Байқап қарасам тәп-тәуір жоба .Осы тұста ойға келетіні: халқымыздың дәстүр-салтын насихаттау кезеңінде қымсынып жатудың қажеті жоқ секілді. Яғни, жас ерекшелігіне мән беру керексіз бе деймін.Себебі, қазіргі жастардың біршамасы ел ғұрпынан хабарсыз , ал ел тұтқасын ұстағандар Кеңестің көрпесінің астынан енді шыққандар.
Ал халық талғамына мән бергіш өкілдерге қоғам тынысымен тереңірек танысуды кеңес етемін. Қазіргі ел ұландарының неге ден қойып жатқанын білместен эфирге «Қалаулым» мен «Ойбай шоу» секілді арзанқол ток-шоуларды шығарудың түк те қажеті жоқ деп білемін.Шындығыныда , халықтың қайнаған ортасында көше кезіп жүріп мағлұмат жинап авторлық бағдарламалар құрған азамат жоқ та шығар мүмкін.
Қазіргі менің ұтшыл замандастарым неге мән беріп жатқанын айта кетейін ,білмеген жан болсаңыз.Бүгінде саналы жас ел тарихына тереңірек үңіліп, тілі мен дәстүрін құрметтеп,елдің рухани қазынасын бойына сіңіре түскісі келеді. Оған дәлел: өзіміщздің шаһарымызда да шешендік өнерге үйрететін үйірмелер ашылып жатыр. Ал тоғызқұмалақ пен домбыра үйірмелері бұрынан-ақ бар.Сұраныс болмаса бұндай ұйымдар құрылмас еді. Демек , қоғамда қажеттілік бар.Ендеше осындай құндылықтарды БАҚ-қа неге жарияламасқа?
Сөз соңында айтарым:
Кез –келген мемлекет дәл қазіргі заманда тек ұлттық калоритімен ғана өркендей алады.Әсіре, өліара кезеңін басынан өткеріп жатқан біздің ел үшін бұл өте маңызды. Келешекте Ұлы дала елі де БАҚ ері де мұны түсінсе деймін.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі