Өлең, жыр, ақындар

Жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру

Жастарды жан-жақты тұлғаға айналуға тәрбиелеу, оған қоса олардың арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру – біздің заманымыздың маңызды міндеттерінің бірі. Жас тәуелсіз Қазақстан қазір құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасуының өтпелі кезеңінде тұр. Республикада құқықтық мәдениетті қалыптастыру механизмдері жаңадан басталып келе жатыр, олар қоғамдық өзара әрекеттестікті реттеу бойынша институттық міндетті орындауға арналған. «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында» Қазақстан алдында құқықтық мәдениеті жоғары азаматтық қоғам құру міндеті тұрғаны атап көрсетілген, мұнда барлық құқық субъектілері басқалардың құқықтарын бұзбай өз құқықтарын қорғай алуға дайын болуы керек делінген.

Құқықтық мәдениет жалпы қоғамдық мәдениеттің мызғымас бір бөлігі болып саналады. Құқықтық мемлекетке айналу процесі азаматтардың, әсіресе соның ішінде жастардың бойында  құқықтық мәдениетті қалыптастырудан басталады. Осы орайда жас буынның қоғамдағы рөлі анық байқалады. Қай заманда болмасын жастар ұлттың қозғаушы күші, тірегі, өзегі боп қала бермек. Жастар арасындағы құқықтық мәдениет деңгейі қоғамның дамуындағы басты көрсеткіштерінің бірі және сонымен қатар маңызды критерийі боп есептеледі.
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру тек қана заңдарды білумен шектелмейді: ол адамның өз іс-әрекетін қоғамның мүддесіне сәйкестендіру қабілетіне, моральдық жауапкершілікке және заң алдында теңдік принципін қабылдауына негізделеді. Жастардың құқықтық мәдениеті олардың құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуі мен қоғамдық нормаларды құрметтеуінде және құқық бұзушылыққа төзбеуінен анық көрініс табады. Осы тұрғыдан алғанда жастарға құқықтық тәрбие берудің негізгі орталығы болып саналатын отбасы мен білім беру мекемелерінің орны айрықша.

Жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы.
Қазіргі қоғамда жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру – мемлекет дамуының маңызды алғышарттарының бірі. Құқықтық мәдениеті жоғары жас ұрпақ өз құқықтары мен міндеттерін жақсы біледі, заңды құрметтейді және кез келген жағдайда оны сақтауға ұмтылады. Мұндай азаматтар қоғамда тәртіп пен әділеттіліктің орнығуына өз үлесін қосады.Құқықтық мәдениетті қалыптастыру ең алдымен білім беру жүйесі арқылы жүзеге асады. Мектептер мен жоғары оқу орындарында құқықтық бағыттағы пәндердің оқытылуы, пікірсайыс клубтарының жұмысы, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастыру – жастардың заңға деген көзқарасын қалыптастыратын маңызды тетіктер. Бұл іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың жауапкершілік сезімін күшейтеді.Сонымен қатар, қазіргі ақпараттық қоғам жағдайында интернет пен әлеуметтік желілердің рөлі ерекше. Әлеуметтік желілерде заң талаптарын түсіндіретін бейнематериалдар, онлайн курстар мен вебинарлар жастарға құқықтық ақпаратты қолжетімді әрі түсінікті түрде ұсынады. Бұл – жастардың құқықтық білімін заманауи форматта жетілдірудің тиімді жолы.Отбасы тәрбиесі де құқықтық мәдениетті қалыптастыруда маңызды орын алады. Ата-ананың балаға заңды құрметтеуді, тәртіп пен жауапкершілікті үйретуі – болашақта саналы, заңға бағынатын азамат қалыптастырудың негізі. Отбасында дұрыс тәрбие алған жас заң бұзушылықтың салдарын түсініп, қоғамға пайдалы әрекет жасауға бейім болады.Қоғамдық өмірде жастардың волонтерлік қызметке, қоғамдық тәртіпті сақтау шараларына қатысуы да олардың құқықтық мәдениетін арттырады. Мұндай іс-әрекеттер жастарды белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеп, заңды сақтаудың тек міндет емес, азаматтық борыш екенін ұғындырады.

 

Құқықтық мәдениет тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар бүкіл қоғамның дамуына ықпал етеді. Азаматтардың құқықтық сауаттылығы жоғары болған сайын, қоғамдағы заңдылық, тәртіп және әділдік принциптері нығаяды. Сондықтан жастар арасындағы құқықтық мәдениетті көтеру – бұл тек мемлекеттің міндеті ғана емес, әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі. Құқықтық мәдениет жастарды талапты, парасатты, заңды құрметтейтін және қоғамға пайдалы тұлға ретінде қалыптастырады.

Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізу арқылы біз құқықтық мемлекет құру жолында сенімді қадам басамыз, ал жастар – осы процестің басты қозғаушы күші болып қала береді.

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз