Мал шаруашылығымен күн өткізген қазақ халқының Ертіс бойын мекендейтін бір тобы құнарлы өлкені құтты қонысқа балап, ұзақ жылдарын сол арада өткізеді. Ертіс бойының шөбі құнарлы, суаты мол болғандықтан одан алыстап кете алмай, күнгейін қыстап, теріскейін күзеп-жайлап дегендей күндерді өткізе береді. Күзеу мен жайлау өзеннің бір жақ аңғарында, қыстау бір жақ аңғарында болады да екеуін бөле ағып Ертіс
жатады. Ертіс — енді, суы ауқымды өзен. Қыстаудан жайлауға бару үшін өзен суы тасымай тұрғанда өтіп алмаса, ұсақ мал түгіл, атты кісіге жол бермейді. Жыл сайын бір мезгілде көшіп дағдыланып алған ауылдар бір жылы күтпеген жерден қиыншылыққа тап болады. Ел бейқам отырғанда жаз ерте шығып, сай-саланың қары еріп, өзен арнасынан асып-тасып кетеді де, дүйім ел өткел таба алмай қамалып қыстау жақ арнаны жайлап қалады. Қыстаулық өріс қанша дегенімен тарлық істейді де жер көңілдегідей көктемейді, тебіндеген көкті мал жеп тауысады. Мал жаздан да жарасымдық семіздік ала алмайды. Бұл аздай-ақ, сол жылы қыс қатты болып, қар қалың түседі. Осылайша ию-қиюы сәйкеседі де, ел-жұрт көптеген малын жұтатып алады.
Малдың жұтауын, жайлауға өте алмай қалғанын ел өзіміздің бейғамдығымыздан болды демейді. Ертістің толқынынан болды, — дейді. Қыруар шығынға ұшыратқан Ертістің ақ өркеш толқындарын күйге қосады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі