Абылай ханның жорғасы болыпты. Әлгі бір жорғалағанда үш алуан — кейде арындап, кейде ақырындап, кейде аяңдап жорғалайды екен. Содан оның жорғасын «майдақоңыр» атап кетеді. осы жүрісін домбыраға салады. Бірақ «тіл болады» деп ешкімге көрсетпей айдалаға барып тартады. Сонда қой жайып жүрген қойшы ғана көріп, күйді қолындағы таяғына түсіріп алады да, ауылға келгенде:
— Абылай хан жорғасының жүрісін былай салды, — деп таяғымен тартып көрсетіпті. Күй содан елге тарапты.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі