Өлең, жыр, ақындар

Бөгенбай батыр

Ертеде жауынгерлік заманда талай рет елін жаудан қорғаған Бөгенбай батыр бертінде жүзден асып, қарттық жеңіп отырады. Түнде жау шауып, қарттың батыр балалары сол түні үйде болмапты. Ызаға булыққан қария жау соңына түседі. Айғайға елеңдеп тұрған ат «жау қайдасың» деп ала
жөнеледі.

Қаптал шапанының етектері далақтап құйғыта шапқан бойы басқыншылармен араласып қалыпты. Барған бетте тұқыл найзамен екеу-үшеуін құлатып, көздері от шашып қалғандарына ұмтылғанда бір жас батыр көлденеңдеп тұра қалып, шіреніп садақ тартты дейді. Сұр жебе сауытсыз
батырдың қос өкпесінен тиіп, аттан құлап түсіпті. Кейінгі жұрт жеткенде ол тірі екен:

— Жұртым, енді менде арман жоқ, — деп күлімсіреп иек қағыпты дейді сонда батыр.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз