Өлең, жыр, ақындар

Елім-ай, халқым-ай!

Қорқыт қолына қобызын алып, Желмаясын желдіртіп, дүниенің төрт бұрышын кезіп жүрген шағында елінің тағдырын қырық жыл бұрын болжап, неше түрлі сәуегейлік ойлар айтады екен. Халқының бақыты мен тыныштығын аңсап, қара қобызын аңырата толғайды дейді. Ел-жұрттың қолынан найзасы, иығынан сауыты түспейтін, аттың жалы, атанның қомында өмір өткеретін жаугершіл заманын елестетіп мұңға батса керек. Осындайда қасиетті қара қобызын шамырқана толғап:

Мұнан соң қилы-қилы заман болар,
Заман азып, заң тозып жаман болар.
Қарағайдың басына шортан шығып,
Балалардың дәурені қараң болар! —

дейді екен.

Қорқыт атаның сол сарындары ел ішінде «Елім-ай, халқым-ай!» деген күй болып тартылады.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз