Жәлел ауылына жалғас отыратын бір байдың жылқысынан екі атты ұстап алып, бірін мініп, бірін жетелеп, Құрманғазы Әуесті алып кеткен солдаттарды қуады. Көрген кісілердің айтуынша Құрманғазы төтелейді. Ал солдаттар болса жолдан шықпай, бұраңдап жерден ұтылады. Үш күн өткеннен кейін Құрманғазы бір малшылардың айтуы бойынша, отрядтың қоналқыға тоқтайтын жеріне жақындайды. Сайды, жыраны қуалап отырып, солдаттардың қонып жатқан жерінің үстінен шығады. Солдаттардың әбден ұйқыға кеткен кезін аңдып, қос атты ылдиға байлап тастап, өзі жаяулап, айдың астын ала солдаттарға келеді. Олар мылтықтарын ешкінің мүйізі сияқты етіп қалқайтып, бір-біріне сүйеп қойып, шырт ұйқыда қаннен-қаперсіз жатады. Әуес шетіректе алдына баласын алып, еңкейіңкіреп отыр екен. Құрманғазы абайлап ысқырып белгі береді. Әуес Құрманғазының белгісін танып, жыламасын деп Қазидың аузына емшегін салып, қара шапанды бүркеніп, еңкейіп жүріп отырып Құрманғазыға келеді. Құрманғазы Әуесті аттарын қалдырған жаққа жіберіп, өзі «керек болады» деп мылтықтың біреуін алып, аттарына келеді. Сонымен, Құрманғазы Әуес пен Қазиды алып кетіп қалады.
Солдаттар ертемен бір-ақ оянып, Әуестің жоғын көріп, айналадан іздейді. Таба алмағасын қолдарын бір сілтеп кете береді. Орынборға келіп: «Құрманғазының әйелі кішкене емізулі баласымен далада қонып жатқанымызда қашып кетіпті. Біраз жерді шарлап іздедік, таба алмадық, қасқыр жеп қойған болуы керек», — деп ақпар береді. Мылтықты бұл оқиғаға араластырудан қорқып: «бара жатқанда суға түсіріп алдық» дейді. Құрманғазы болса аман-есен ауылына келеді. Солдаттардан Қази мен Әуесті ұрлап алып келгенін айтып, Құрманғазы бір күй бағыштайды. Ол күйдің аты «Бұқтым-бұқтым» болады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі