Өлең, жыр, ақындар

Темекінің зияны

Кешке қарай үйдің жанында бір қария мен жігіт әңгімелесіп отыр еді. Жігіт қолына бір шылым алып:

— Ата, мен темекі тартуды үйреніп жүрмін. Осының қандай қасиеті бар? — деп сұрайды.

— Темекі тартудың басты үш қасиеті бар, — дейді қария ойланып.

— Ол қандай қасиет? — дейді жігіт.

— Біріншіден, темекі тартқан адам қартаймайды.

— Себебі?

— Өйткені темекі тартқан адам қартаю шағына жетпей ерте өледі. Екіншіден, темекі тартқан кісінің үйіне ұры түспейді.

— Себебі?

— Темекі тартқан адам өкпе ауруына шалдығады, ылғи ұйықтай алмай жөтеліп жатады. Сондықтан үй иесі ояу екен деп, қауіптеніп ұры жоламайды. Үшіншіден, темекі тартқан адамды ит қаппайды.

— Себебі?

— Темекі тартқан адам жарымжан болады. Қолына сүйеніш етіп әрқашан таяқ алып жүреді. Таяғы бар кісіге құтырған ит болмаса, жай ит жуымас болар, — дейді қария.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз