Өлең, жыр, ақындар

BILIMLAND.KZ: Мұғалім парақшасы туралы

Қазақстанда баламасы жоқ BilimLand ұлттық цифрлық білім беру платформасына бүгінге дейін 7 000-ға жуық мектеп қосылған. Қазақстан бойынша білім беру мекемелеріндегі педагог мамандар сайттағы барлық сабақты қолданып, цифрлы технологиялардың тиімділігін сезінуде.

Сонымен қатар bilimland.kz сайты қашан да ұстаздардың уақытын тиімді пайдаланып, тәжірибе алмасуы үшін порталды ұдайы жетілдіруде. Педагог мамандарды қолдау мақсатында сайтта педагогтер қоғамдастығы BilimLand ашық алаңы – "Мұғалімге" парақшасы жасалды.

Аталған парақша бірнеше бөлімнен тұрады. Олар:

1.    Сабақтар және сынып сағаттары
2.    Видео
3.    Вебинарлар
4.    Сабақ жоспарлары
5.    Форум

Қазіргі таңда "Мұғалімге" парақшасында “Жаңашыл мұғалім” байқауының аясындағы сабақ жоспарлары мен сабақтағы видеоүзінділер жинақталған қор бар. Осы бөлімді қолданып жүрген белсенді ұстаздар дайын сабақ жоспарларын көшіріп алудан бөлек, өз жұмыстарымен бөлісуді сұраған болатын. Келіп түскен көп сұраныс пен ұсынысты негізге ала отырып, 2019 жылдың қазан айында, "Мұғалімге" парақшасы “Сабақ жоспарлары” және “Форум атты су жаңа бөлімдерге толықтырылды. 

"Сабақ жоспарлары" бөлімі – мұғалімдерге тәжірибе алмасуға, сабақ жоспарларын даярлауда уақыт үнемдеуге, жасаған жұмыстарын жетілдіруге мүмкіндік бермек. Сабақ жоспарын қосу үшін “Сабақ жоспарлары” бөлімінің ішінде “Жоспар қосу” түймесін басып, оқу және сабақ мақсатын, тілдік мақсаттарын, күтілетін нәтижесін және бағалау критерийлерін т.б. компоненттерді толтыру қажет. Енгізген сабақ жоспары лезде порталда пайда болады. Қазіргі таңда порталда 1000-ға жуық сабақ жоспары бар. Оларды кез-келген уақытта тегін жүктеп алуға болады. Қолданушыларға ұнаған жұмыстарға лүпіл басып немесе пікір қалдыру мүмкіндігі қарастырылған. 

Сонымен қатар, алдағы уақытта “үздік сабақ жоспары” байқауы жоспарлануда. Ең сапалы дайындалған сабақ жоспарларының авторлары қаржылай сыйлықтар мен арнайы сертификатқа ие болмақ.

"Мұғалімге" парақшасындағы жаңа бөлімдердің бірі – Форум. Аталған бөлімде кез-келген портал қолданушысы әр түрлі педагогикалық, тәрбиелік, әлеуметтік т.б. тақырыптарда  өз пікірімен бөлісуіне болады. Қазір порталда “Жаңартылған білім беру мазмұны”, “Мұғалім мәртебесі”, “Ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқыту”, “Мектеп ұжымындағы әріптестік қарым-қатынас”, “Мұғалімнің зейнетке шығу жасы” т.б. сияқты білім саласындағы өзекті тақырыптар бар. Жаңа тақырып ашу мүмкіндігі де ескерілген. Әлеуметтік желі арқылы кіріп те, талқылауға қатысуға болады. Жақын арада форум бөлімінде де байқау жарияланып, ең белсенді қолданушыға бағалы сыйлық беріледі!

Вебинарлар бөлімінде BilimLand қолданушылары онлайн вебинарларға тегін қатыса алады. Ол үшін жоспарланған вебинарлар ішінен қажетін таңдап, тіркелу жеткелікті. Вебинар болатын күн мен оның уақыты алдын-ала хабарланады. Онлайн вебинарды өткізіп алған жағдайда, жазбасы порталда сақталып отырады. 

Болашақта ұстаздар қауымының өздігінен Республикалық көлемде онлайн вебинар өткізу мүмкіндігі жоспарлануда. Оның да шарттары қарапайым: сайтқа тіркеліп, "Вебинарлар" бөлімінде сабақ тақырыбы, мақсаты, жоспары, өткізу уақыты мен спикер туралы мәліметтерді толтырып, вебинар өткізуге өтінім қалдыру керек. Арнайы тексерістен кейін BilimLand ұжымы спикермен байланысып вебинар өткізу шарттары жайында келіседі. Вебинарлар еліміздің әр аймағында орналасқан ресурстық орталықтарда өткізілмек. Айта кетейік, онлайн сабақ өткізген маман республикалық дәрежедегі сертификатпен марапатталады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (11)

Қанат

Жақсы жаңалық екен. Осындай білім саласындағы сапалы ресурстардың болғанына мыңда бір рахмет!

Айхан

Пайдалы сайт екен!

арай

Өте жақсы сайт

Назгул

Өте жақсы, қажетті сайт екен

Гаухар

Ризамын

Берік

Дене шынықтыру пәні бойынша қашықтықтан оқыту тақырыптары көбірек болса,жақсы болар еді

Назым

Білім керемет

Erik.mnhadznanov@dmail

Өрісі бос болмау керек

Erik.mnhadznanov@dmail

Білімі лентке кіру
Сабаққа оқу

Динара Жабаева

Жақсы

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар