Өлең, жыр, ақындар

Мен не үшін өзгеруім керек?

 Ақтөбе облысы  Хромтау ауданы 

Бөгетсай мектеп-гимназиясы 

10-класс оқушысы Елеусізова Айжан 

Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі  Школова Г.Б.

 

«Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес,ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деп XIX ғасырда-ақ Жүсіпбек Аймауытов айтып кеткен еді. Мұғалім заманның талабына сай жаңалыққа жаны құмар болса, онда ол Алланың жауған нұры деп түсінемін.

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екенін паш етті. Мұғалімнің алдында «XXI ғасырға оқушыны қалай дайындаймын» деген сұрақ мазалап тұрғаны мені де селт еткізеді.

Мен алтын ұрпаққа біліммен тәрбие беруде үнемі ізденіс үстінде болуым керек. Себебі оқу мен оқыту бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білдіретінін түсінгендіктен мен өзгеремін.Әлем өзгергендіктен ,мен де өзгеремін,қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін мен жақсы түсінемін ,өйткені мен мұғаліммін заман көшінен қалмауым керек. Қазіргі шәкірт ұстаздың енжарлығын қаламайтын, қажеттілігі,мүмкіндігі жоғары деңгейде екені маған мәлім. Мен балаға бағыт беруші қажетті адамның бірімін. Сондықтан менің жүгім жеңіл емес екенін сеземін. Сол себепті менің өзгеруім керек. Бірінші деңгей бағдарламасын аяқтағаннан кейін,оқыту мен оқудағы пәрменді әдіс-тәсілдерді қолданып,оқытушылық тәжірибемді одан әрі дамытамын деп ойлаймын.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер