Бұл әлемде адамзат баласы осы уақытқа дейін тылсым дүниенің жұмбағы мен құпиялы сырын ұға алмай,дәлелі жоқ оқиғаның куәгері болып жатқаны белгілі.Сондай тылсым оқиғалармен кез болып,байламын таба алмай жатқандарды да кездестіріп жататынымыз өтірік емес. Құпияға толы тылсым жағдайлардың бар болғаны мен оны ғылыми тұрғыдан зерттеп шығару әзірге мүмкін болмай жатқаны. Ең жұмбақты,таңғажайып,қызықты дүниелерді ұйқы барысында көреміз.Көптеген шығармашыл адамдарға ең керемет ойлары мен ашылулары түсіне енгені тарихи мәліметтерден таныс,мысалы үшін: Д.И.Менделеев химиялық элементтер кестесін түсінде көргені белгілі.Антикалық дәуірде түске аса жауапкершілікпен қараған,тіпті түс арқылы мемлекеттің мәселесін шешуге тырысқан.Өйткені,олардың түсінігі бойыншы түс-құдайлар лауазымды адамдарға арнайы жіберген аян деп түсінген.Ғалымдардың айтуынша адамдар өмірінің 30 пайызын ұйқымен өткізеді ал соның 25пайызында түс көреді дейді.Тіпті,адамдар бір ұйықтап тұрғанда 12 түрлі түс көреді екен,бірақ оның біреуі ғана есте анық сақталып қалады.Түс көруді физиологикалық тұрғыда түсіндірген академик И.П.Павловтың пікірі бойынша ұйқы кезінде ми клеткаларының қызметі толық тежелмейді,кейбір бөлімдері ояу қалпындағыдай жұмыс істей береді.Ми қыртысының осындай бөлігін «күзетші пункт» деп атайды.Күзетші пунктерде адамның бұрын көрген,естіген,дәмін татқан нәрселердің бейнелері қайта «тіріледі».Түс көруді зеттеу бейсаналықты танудың жолы,адамның жан жүйесін түсінуге ықпал етеді деп білген психоаналиктер түс көруді физиологиялық,соматикалық емес, психологиялық құбылыс деп білді.
Жалпы,адамдар көрген түстертін жан-жақты талқылап жатады.Біріншісі,түс жору арқылы түсіндірсе,енді бірі жақсылықтың нышанына балайды.Түс жору-қазақ халқының ұлы мәдениет тарихында өте ертеден басталып,күні бүгінге дейін жалғасын тапқан тамаша ғұрыптарымыздың бірі.Тіпті,30 пара Құранның бір парасы Жүсіп пайғамбарымыздың түс жоруымен баяндалады. Жақсы түсті тек шыншыл, харамнан тыйылушы,Алла бұйрықтарын орындаушы адамдар ғана көре алады.Хадисте «Ең шыншыл түстерді аралалыңдағы шыншылдарың ғана көретін болады» делінген. Сонымен қатар,Әбу Қатададан (р.а)жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз( с.а.у.): «Игі түс (жақсы түс) – Аллаhтан,ал жаман түс-шайтаннан.Кімде –кім жаман түс көрсе,сол жағына үш рет ақырын түкіріп,шайтанның кесірінен Алладан пана тілесін.Осылай істесе түсінен оған ешқандай зиян келмейді»,-деп айтты», - делінген.
Түс-адам баласының бәріне ортақ тылсым дүние.Ол-ұлтқа,дінге, нәсілге бөлінбейді.Түс- ауыз толтырып айтарлықтай ғылыми тұрғыдан нақты зерттелмегендіктен оны көрудің мағынасынан гөрі түсті жоруға көңіл бөлген жөн. «Түс-балқыған қорғасын»оны әрдайым жақсылыққа жору керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі