Өмірбаяны:
Сүлеймен Баязитов 1944 жылы 2 желтоқсанда Павлодар облысы Баянауыл ауданының Жұмат Шанин ауылында дүниеге келген.
Павлодардағы Мал дәрігерлік техникумын және Қарағанды Мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.
Ақын, журналист, жазушы, аудармашы, Мәшһүртанушы, өлкетанушы.
Жұмыс баспалдағы.
1971 жылы Баянауыл аудандық «Жеңіс» (қазіргі «Баянтау») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі , редактордың орынбасары 1997-1999 жылдар аралығында облыстық «Сарыарқа самалы» газетінде тілші болып қызмет етті.
1999 жылдан 2008 жылға дейін Красноармейка орта мектебінде «қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша мұғалім болып қызмет етті.
Еңбектері.
Алғашқы әңгіме, өлеңдері 1962-1963 жылдары «Тың өлкесі» газетінде жарық көріп, содан бері аңыз, повестері, романы, жырлары, сықақ өлеңдері, әңгімелері, поэмалары, танымдық мақалалары , аудармалары кітаптарда басылып , ғаламторда бейнефильмдері көрсетіліп келеді. Аудандық, облыстық, республикалық газет-журналдарда жарияланып тұрады. 1972 жылы Павлодар қаласында өткен жас ақын-жазушылардың республикалық аймақтық Кеңесіне қатысқан.
«Құдыреті күшті бір Алла» (2004)
«Ақбалық Хазірет» - (2018)
«Бала Мәшһүр» (2019) - атты жинақтары жарық көрді.
Жазушының «Бастау» (1979), «Жасыбай батыр» (2004), «Елсіздегі елес» (2004), «Хан ием» (2005), «Жаралы жердің жанары» (2006) (екі томдық), «Көне қазақтың қыңыр қисыны» (2007), «Пайымдау» (2007), «Малайсары батырдың соңғы әзілі» (2007), «Мәшһүртану өрісі» (2009), «Бәлду бәлду бәрі өтірік» (2010), «Қызылтау желтау Аясы» (2010), «Алаш арыстары» (2012),
«Поэмалар мен Аудармалар» (2014),
«Жарылыс» (2016), Ол аударған Омар Хаям, Пабло Неруда, Ф.Тютчев, Леся Украинка, Иогеннес Роберт Бехер өлеңдері, поэмалары сол сияқты В.Ирвинг, М.Твеннің прозалық шығармалары «Әлем әдебиеті», журналында, «Поэмалар мен Аудармалар» жинақ кітабында басылды.
Балаларға арналған бір топ өлеңдері аударылып (О.Григорьева), 2013ж. Мәскеудегі «Художественная литература» баспасынан шыққан. «Домбыра и колыбель» атты қазіргі заман әдебиетінің үш томдық антологиясының бірінші томында жарық көрді.
Сол сияқты И. Игнатовская аударған біраз өлеңдері Омбыдан шығатын «Иртышь -Омь», «Интересный Павлодар» журналдарында жарық көрді.
«Қос тіл – қос қанат», «Два языка как два крыла» жыр жинағыда жарық көрді. Аталған жинақ С.Торайғыров атындағы кітапхана басшылығының бастамасымен облыста тұңғыш рет зағип адамдарға арналып, брайль шрифтімен басылып шықты. Ақынның 75 - жылдығы лайықты аталып өтті.
Марапаттары: «Қазақмыс» тобы мен Қазақстан Жазушылар Одағының ұйымдастыруымен өткен балаларға арналған әдеби шығармалар бойынша республикалық
«Балауса» бәйгесінде 3-орын иегері атанды (2014). «Әдебиет және Поэзия» номинациясы бойынша Павлодар облысы әкімінің, грантына, стипендиясына бірнеше рет ие болды.
Павлодар обылыс әкімінің, Қазақстан Жазушылар Одағының құттықтау хаттарымен марапатталды. С. Баязитов Баянауыл ауданының Құрметті азаматы (2012).
Павлодар облысы алдында сіңірген еңбегі үшін төс белгісінің иегері (2013).
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Осы сілтемеде бейне баяны бар: https://youtu.be/WjVUA5Juv34
Kuttybai Madi
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі