Өлең, жыр, ақындар

Қотыр тауық пен балта

        (Мысал)

Күлге аунады қотыр тауық,

Қатқан әбден сілесі.

Дүр сілкінді тыраңдап,

Басы айналды бұл несі?!

Бірте-бірте кірді есі,

Күлге қанша аунады.

Бит патшағар қалмады.

-Арсылдаған ит анау

Кімге тілін салмады?

Кімді қауіп алмады?

Ал мен болсам...

Кісіге де,

Малға да

Сүмең қағып жүргенім,

Ынжықтығым бұл менің.

-Әй, балта,

Үйдегі жаман қатынның,

Бұтарлайсың отынын.

Бас алатын қан ішіп...

-Сүйір тілді, қотырым,

Қанға құмар болмағын.

Білемін сенсіз ол жағын,-

 Деп орнына қонған-ды.

Ұйқыда маза болмады,

Қос қанатын қағып ед,

Жаңа бір ермек тауып ед.

Оянып кетіп биттері,

Апыр-жұпыр талады.

Сол-ақ екен қотырың.

Тарс айрылды талағы.

Ку-ка-ре-ку-ку,- деп

Әтеш болып ақырды.

Жаман қатын балтамен

Басын алды ақыры.

Білмеген өз орынын,

Табады солай қорымын.

 

Сүлеймен Баязитов


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз