Эссе және өлең-жыр байқауы

Иттің иттігі

        (Мысал)

Борсықбай шопанның иті бар еді,

Түсі қара байғұстың көзі тар еді.

Иесінің отарын күзететін,

Бұл өңір жаз да жаңбырлы, қыс та аяз.

Сызды суық күндерде

Табаныңнан шым-шымдап сыз өтетін.

Мұндайда мысыққа ол өшігетін,

Пыр-пыр етіп, үйді басына көшіретін.

Күн суықта иесі еті бар сүйек тастайтын,

Қомағайланып бас салған.

Етті толғап жұтқанда, өңешке сүйек қадалған.

Тура келген ажалдан,

Жұтқалы тұрған тажалдан.

Иесі аман алып қалмақ боп,

Қазына тұрды салмақ сап.

-Мойның ұзын сенің шырақ өзге құстан,

Құтқар итті жол тауып тығырықтан,-

Деген соң қаз иттің өңешіне үңілді,

Сөйте тұра жанынан түңілді.

Өйткені ит қомағайдың қомағайы,

Бір сәтке естен шығып өлім жайы.

Мойынын өңешіне салған сәтте қыршып алса,

Осыны ойлап ата қаз көп мұңайды.

-Аш аузыңды,- деді де сырғақтады,

Сүйекті жұлқи тартып бұлғақтады.

Ит өңеші ауырып талықсыды,

Сүйекті қаз жұлқыды ырғап тағы.

Есі ауған тұсында емін еркін,

Алды жұлып сүйекті жиған есін.

Талап етті иесінен қаз сорпасын,

Сонша жұлып деді ғой мен сорласын.

-Тәйт әрі!- деп иесі бас шайқап ед,

Арыстанға сорғалатып көздің жасын

Болған жайды зар илеп баяндады,

Салды тілін иесін де аямады.

Арыстан арызқойды ұнатпайтын,

Аң патшасы қасына таяған-ды.

Салды келіп шеңгелін мойынына

Деп ойлаған ит сорлы ойыны ма?

Уәзіріне иек қақты арызқойды,

-Аттандыр қара жердің қойынына!

Бұл ит еді, иттігі өзгелерге

Үлгі болмай тып-тыныш жатсын көрде.

Әділдік іздеп келіп ең мына маған,

Әділдік осы мен билік құрған жерде.                   

 

      Сүлеймен Баязитов   


Қарап көріңіз

Жүктелуде...

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×