Менің алғашқы ұстазым

Басты бет / Сайыс2019 / Менің алғашқы ұстазым

Менің алғашқы ұстазым — Сайыс2019 бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.

Егер сіз Менің алғашқы ұстазым бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.

Өмірдегі қадірлі орын - мұғалімдікі.

Мағжан Жұмабаев

«Ұстаздық - ұлы құрмет». Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер де бәрі бір адамға қарыздар. Ол-алғашқы ұстаз. Әрбір адамның алғашқы ұстазы болады. Менің  алғашқы ұстазым  мектеп табалдырығын қорқынышпен аттаған кезімде, өз мейірімділігін көрсетіп, ең алғаш қолыма қалам ұстатты. Біздің білім алатын ұямыз- мектеп екенін түсіндіріп,мектеп ережесімен таныстырып, мектеп ішін аралатты. Енді оқушы болдыңдар дегенде өзімді ерекше сезіндім.

Алғашқы ұстаз былайша айтқанда, мектептегі екінші анамыз. Менің сүйікті де алғашқы ұстазым - Нәзира Мұратжанқызы анамдай болып кетті. Ал ана әрбір адам баласына қымбат жан. Ананы қалай ардақтасақ, ұстазды да солай ардақтаймыз.Ұстазымыз әрдайым бізді жылы жүзімен қарсы алатын.Ұстазымды алғаш көргенде, бірденнен биік шеберлігімен, қарапайымдылығымен, адамгершілігімен бізді баурап алды. Нәзира апай бізге білім беруге бар күшін салып ат салысты Көңілі пәк,ойы нәзік шәкірттерінің жүрегіне ақыл дәнін септі. Бізді оқуға, есеп шығаруға, ойымызды айтуға үйретті. Апайымыз біздің тәртібімізге, тазалығымызға қатты мән беретін. Барлық сабақтарын тартымды әрі қызықты өткізетін. Бізді сабаққа қызықтыру үшін сыныптан тыс іс-шараларды да жиі ұйымдастыратын. Ол әр уақыт керек кезде көмегін аямай, ақылын айтып, жол көрсетіп отыратын дана адам.

Мен ұстазым сияқты алға қойған мақсатыма жеткім келеді. Ал менің мақсатым - Абай атамның сөзімен айтсам, осы дүниеге кірпіш болып қалану. Сондықтан да мен Нәзира апайымды мақтан тұтамын. Ойыма ой қосып,бізге бар ықыласымен білім берген алғашқы ұстазым Нәзира Мұратжанқызына алғысым шексіз. Менің жарқын болашағыма нұр сепкен апайыма зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр тілеймін!

Шымкент қаласы №3 жоббм
6 «д» сынып оқушысы Султанходжаева Розанна



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің алғашқы ұстазым туралы не білуге болады?

Бұл бетте Менің алғашқы ұстазым тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.

Бұл материал қай бөлімде жарияланған?

Материал Сайыс2019 бөлімінде жарияланған.

Осыған ұқсас материалдарды қайдан көруге болады?

Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Сайыс2019 бөліміндегі басқа материалдар bilim2019 тақырыбындағы материалдар zavresh70 жариялаған басқа материалдар